06 қазан 2014 19:37

Нұрлан Смағұлов Астанада салынатын жаңа ойын-сауық орталығы туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Смағұлов. Фото @ Даниал Оқасов Нұрлан Смағұлов. Фото @ Даниал Оқасов

"Астана Group" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов Астана қаласында ЕХРО-2017 аясында тағы да бір жаңа ойын-сауық орталығы ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  


"Астана Group" компаниясының президенті Нұрлан Смағұлов Астана қаласында ЕХРО-2017 аясында тағы да бір жаңа ойын-сауық орталығы ашылатынын айтты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.  

"Бұл жалпы аумағы 140 мың шаршы метрді құрайтын өте ауқымды сауда орталығы болады. Өзге сауда орталықтарынан көңіл көтеретін орындарының көптігімен ерекшеленеді. Ең қызығы - балаларға арналған ойын-сауық орталығында аумағы 7 мың шаршы метрді құрайтын олимпиадалық мұзайдын салынбақ. Мұндағы мұзды ауыстыруға және цирктік шоу жасауға пайдалануға болады. Бұл ішінде үлкен ботаникалық бағы бар, су айдынында шынайы балықтар жүзіп жүретін, бағында көбелектер ұшып-қонатын, үлкен кинотеатры, 40-тан аса рестораны мен кафесі бар, биіктігі 18 метр болатын үлкен атриумға айналады. Мұны Астанадағы назар аударарлық тағы бір жаңа аймақ, жаңа орта деп айтуға болады", - дейді Смағұлов.  

Смағұловтың айтуына қарағанда, бұл орталық 2016 жылдың қыркүйегінде ашылады. Ол сондай-ақ, ойын-сауық орталығының атауы әлі қойылмағанын, қазірге жұмыс атауы "Мега Плаза" екенін тілге тиек еткен.

Естеріңізге саламыз, Нұрлан Смағұлов жақында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа салынып жатқан ойын-сауық орталықтары жайында есеп берген болатын. Ол Қазақстанда ең ірі балалар паркі аттракционы, 14 залды кинотеатр-мультиплекс, тематикалық ресторан галереясы болатынын хабарлады. Бұған дейін осы орталықтың таныстырылымы өтіп, сол кезде Смағұлов Елбасыға орталықтың атын "Нұр Плаза" деп қоюды ұсынды. "Сен бұлай жағымпаздануды қайдан үйрендің?", - деп сұрады Назарбаев. Ол "Өмір үйретті", - деп жауап қатты. Содан кейін тағы да: "Бұл жақсы атау, өйткені мұнда Нұрландар көп", - деп сөзін толықтырды.  

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети