02 қараша 2016 13:05

"Нұрлы жол" бағдарламасы: 2020 жылға қарай 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда құрылыс жұмыстары 6,9 пайызға өсті, бұл "Нұрлы жол" аясында инфрақұрылымды енгізуге байланысты. Ал 2020 жылға қарай 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген, - деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері.


Қазақстанда құрылыс жұмыстары 6,9 пайызға өсті, бұл "Нұрлы жол" аясында инфрақұрылымды енгізуге байланысты. Ал 2020 жылға қарай 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген, - деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігінің өкілдері.

"Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген (2020 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үй - 1,7 миллион шаршы метр, кредиттік тұрғын үй - 2 миллион шаршы метр, коммерциялық тұрғын үй - 0,8 миллион шаршы метр)", - делінген хабарламада.

Тұрғын үй құрылысын дамытуға 2015 жылы 189,7 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде Ұлттық қордан 140 миллиард және республикалық бюджеттен - 49,7 миллиард теңге. Ағымдағы жылы тұрғын үй құрылысы мен инфрақұрылымды дамытуға 442,5 миллиард теңге бөлінген, оның ішінде Ұлттық қордан 423,9 миллиард және республикалық бюджеттен - 18,6 миллиард теңге.

Мемлекеттік қаражаттың есебінде оң динамика сақталып отыр, Мемлекеттік бағдарлама аясында 444 миллиард теңге "ҚИК" АҚ  арқылы жалға беру  құрылысына бөлінді. 2015 жылы және  2016 жылдың  9 айында  535,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін  255,3 мың шаршы метр тұрғын үйді пайдалануға беру жоспарланған.

Ведомство хабарлағандай,  құрылысқа  324,1 мың шаршы метр жалға беру және  366,9 мың шаршы метр  несиелік баспана "Бәйтерек девелопмент" АҚ арқылы  2016-2017 жылдарға 113 миллиард теңге қарастырып отыр.

"541,5 мың шаршы метр жалға беру баспананың құрылысына  ЖАО арқылы 67 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда әкімдіктер 38,2 миллиард теңге облигация шығарылды, оның  10,3 миллиард теңгесі игерілді. Қалған 28,8 миллиард теңге облигацияны  2017 жылы шығару жоспарланған.  ТҚЖБ салымшыларын несиелендіру үшін 22 миллиард теңге қарастырылған", - деп хабарлады министрліктегілер.

Биыл 83,3 миллиард теңгенің 312,2 мың шаршы метр болатын 9 нысанын  Астана, Алматы, Өскемен және Қарағанды  қалаларында салу жоспарланған.

Жалпы, "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасында 2020 жылға қарай 4,5 миллион шаршы метр тұрғын үйді іске қосу көзделген (2020 жылға қарай жалға берілетін тұрғын үй - 1,7 миллион шаршы метр).

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети