Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Нұрсұлтан Назарбаев 11 наурызда Ресейге барады

03 Наурыз 2014, 15:50
0
Н.Назарбаев пен В.Путин фото Тengrinews.kz
Н.Назарбаев пен В.Путин фото Тengrinews.kz
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 11 наурызда жұмыс сапарымен Ресейге барады деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОКҚ өкілі Алтай Абибуллаевқа сілтеме жасап.

"2014 жылдың 11 наурызында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың РФ ресми сапары жоспарланып отыр. Аталған сапар аясында Қазақстан Президентінің Владимир Путинмен екі жақты кездесуі көзделген. Сапар шеңберінде саясат, мәдениет және сауда-экономика, екі жақты ынтымақтастық жөніндегі ахуал мен оның болашағы талқыланады", - деді Алтай Абибулаев.

Сондай-ақ, сапар кезінде Н.Назарбаевтың Еуразиялық интеграция туралы тарихи лекциясының 20 жылдығына орай Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде өтетін халықаралық конференцияда сөз сөйлеуі сапардың маңызды тармағы болмақ.

"11 наурызда Нұрсұлтан Назарбаевтың мемлекет басшыларының деңгейіндегі Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысады деп жоспарланып отыр", - деп толықтырды Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Абибуллаев.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай