06 шілде 2019 00:00

Нұрсұлтан Назарбаев 79 жасқа келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

6 шілдеде Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің туған күнін атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


6 шілдеде Елбасы - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің туған күнін атап өтеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл 19 наурызда Нұрсұлтан Назарбаев өз өкілеттігін тоқтатқанын мәлімдеген еді. Бұл туралы Президент республикалық телеарналар эфирінде қазақстандықтарға жолдаған үндеуінде айтқан.

"Қымбатты қазақстандықтар, отандастар, әріптестер. Бүгін мен сіздерге біздің мемлекетіміздің тарихындағы ең маңызды кезеңдерде біз бірге салған қалай істегенін айтқым келеді. Бірақ бүгінгі менің ерекше. Мен өзім үшін қиын шешім қабылдадым - Қазақстан Республикасы Президентінің өкілеттігін өзіме қосу", - деп мәлімдеген еді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сол уақытта сенат төрағасы болған Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мемлекет басшысының міндетін атқаратыны белгілі болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесі төрағасы және "Нұр Отан" партиясының төрағасы болып қала береді.

Келесі күні, 20 наурызда Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елордаға Нұр-Сұлтан деп өзгерту туралы ұсынысы қаралып, Кезектен тыс сессияға қатысқан мәслихат депутаттары бір ауыздан қала атауының өзгертуін қолдап дауыс берген еді. Ал 9 маусымда президенттік сайлау өтті. 10 маусымда сайлау қорытындысы бойынша, Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтардың 70, 76 пайыз даусына ие болып, жеңіске жеткен.


1960 жыл

Елбасының өмірбаянына келсек, Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында көптен күткен ұл өмірге келді. Оған әке-шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды.

"Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын-туыс түрлі есімдерді тұс-тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: "Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын".


1951 жыл, оқушы Нұрсұлтан досымен

Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді. Нұрсұлтанның анасы Әлжан Мырзабаланың балалары мен келіндеріне ақыл-кеңес беріп, халықтың байырғы дәстүрлері мен жоралғылары туралы әңгімелейтінін, немересі Нұрсұлтанның тәрбиесіне аса белсеніп кіріскенін еске алады.


Әкесі Әбіш Назарбаев

Мырзабаланың ұлы, Нұрсұлтан Назарбаевтың әкесі - Әбіш 1903 жылы Алатаудың бөктерінде, Назарбай бидің шаңырағында өмірге келді.

Әбіш Назарбаев көңілді, қадірлі адам болды. Ол тек қазақ тілінде ғана емес, орыс және балқар тілдерінде де еркін сөйлейтін. Әбіш қазақ және орыс әндерін беріліп айтатын, әңгімелескен адамын зейін қойып тыңдап, пайдалы кеңес бере білетін. Әбіш Назарбаев 1971 жылы қайтыс болды.

Назарбаевтың анасы Әлжан 1910 жылы Жамбыл облысы Қордай ауданы Қасық аулындағы молданың отбасында дүниеге келді.

Үшқоңырға жер аударылған әкесімен бірге келген Әлжан Әбішпен танысады. Ауыл арасында ән салу мен суырыпсалмалық өнерден оның алдына түсетін ешкім жоқ еді. Жарқын жүзді Әлжан ұлын үлкенді құрметтеуге, сыйлауға баулыды, оның ұлттық дәстүрлерге, ән-жырларға, салт-ғұрыптарға құштарлығын оятты. Әлжан Назарбаева 1977 жылы қайтыс болды.

Отбасында Сұлтан деп аталған ұланның балалық шағы соғыстың сұрапыл жылдарына және соғыстан кейінгі ауыр кезеңге тұспа-тұс келді.

Бұл соғыстағы жеңіске миллиондаған адамды құрбан еткен алып мемлекеттің айрықша күш жұмылдырғанының арқасында қол жетті. Жарымжан күйге түскен ел үйінді арасынан шығып, енді ғана еңсесін көтерді. Жеңістен кейін бірнеше жыл өткен соң КСРО "қырғи-қабақ соғыс" деп аталған, барлық ауыртпалығы қарапайым халықтың иығына түскен жаңа мазасыз додаға қосылды.  

Бұл ел әлі аш-жалаңаштықтан арыла қоймаған ауыр кезең еді. Бірақ бала Нұрсұлтанның жас зердесінде сол кезеңнің қыспаққа салған қиыншылықтары ғана емес, анасының аялы алақаны мен әкесінің мейірлі жүзі де сақталып қалды. Тату отбасы, бауырлар, әке-шешесі айтқан әндер... Алатаудың әсем ақбас шыңдары, баланы еліктіретін ойындар... Оның қатарластарының бәрінің балалық шағы осылай өтті.


Анасы Әлжан Назарбаева

Нұрсұлтан өз әкесінің ешқашан қол қусырып қарап отырмағанын көріп, оған үнемі көмектесуге ұмтылды. Үйде де, бақшада да, алма бағында да әкесінің жанында болып, картоп пен алма өсіруге жәрдемдесті. Нұрсұлтан мал жайғарумен айналысты, әкесімен бірге тауға барып, шөп шапты.  

Бірде Әбіш үйге арнайы жер аударылған балқарлар отбасын ертіп келді. Назарбаевтар отбасы оларды шаңырағына паналатты, жұмысқа тұруына көмектесті. Ал Әбіш Назарбаев балқарлармен тез тіл табысып, олардың тілін үйреніп алды.

Көп ұлт мекендеген Шамалған тұрғындарының бәрі де сөйтті. Ешкім ұлтқа бөлінген жоқ. Нұрсұлтан Назарбаев кейінірек кітаптарының бірінде сен қазақсың ба, украинсың ба, чешен әлде неміссің бе, балалардың арасында оны ешкім де есіне алмайтыны туралы жазды: "Егер қазақ үйіне месхеттік түріктің баспанасы жапсарлас салынып, ал келесі үйлерде Богдан, Рихард, Олег тұрып жатса, қайтіп бөлінеді...". Ұлдар жағы тек тұрған көшелеріне қалай топтасатын. Көше-көшеге бөлініп, төбелескен кездері де болды. Бірақ достық пен өзара көмек өмір салтына айналған еді.  

Бастан кешкен барлық қиындықтарға қарамастан, ұлдар мен қыздарды білімнің сиқырлы әлемі, мәнді де мағыналы, шаттыққа толы жарқын болашақ тартты да тұрды. 


Анасымен туған үйінің ауласында

Нұрсұлтан Назарбаев Республика құрылған сәттен бастап президент - 1991 жылы ол алғашқы бүкілхалықтық сайлау қорытындысы бойынша Президент болды. Сол кезде Назарбаев сайлаушылардың 98,7 пайызының қолдауына ие болды.


© Тұрар Қазанғапов

Ресми лауазымдар мен қызметтерінен басқа, Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар ғылыми дәрежелер мен атақтарға ие. Елбасы Кембридж университетінің (Ұлыбритания) құрметті профессоры, Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің құрметті докторы. Нұрсұлтан Назарбаев - "Ғалымдардың Еуразиялық экономикалық клубы" қауымдастығының құрметті президенті.

Нұрсұлтан Назарбаевтың қызметтік статустары: Елбасы-Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясының Төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы, Қазақстан Республикасы ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі Кеңестің Төрағасы, Назарбаев университеті, зияткерлік мектебі және қордың Жоғары қамқоршылық кеңесі Төрағасы, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы.


REUTERS / Kevin Lamarque

Сондай-ақ, бұл күні елімізде мемлекеттік мереке - Нұр-Сұлтан күні атап өтіледі. Биыл Астанаға 21 жыл толды.

Айта кетейік, Қазақстанның Тұңғыш Президентіне шет елдер көшбасшыларынан құттықтау хаттары келіп түсіп жатыр.

Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады. "Сіздің мол тәжірибеңіз, саяси даналығыңыз және терең біліміңіз еуразиялық кеңістіктегі интеграциялық үдерістер бойынша стратегиялық серіктестік пен одақтастық қарым-қатынастарды дамыту ісінде әрдайым қажет болатынына сенімдімін", - деді Владимир Путин.

Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёв өзбек халқының Елбасыны өзін елі мен халқына жан-тәнімен қызмет етуге арнаған көрнекті мемлекет қайраткері және әлемдік деңгейдегі парасатты саясаткер ретінде терең құрметтейтінін атап өтті.

"Тарихтың ең қиын әрі күрделі кезеңінде Сіздің мемлекет келешегіне жауапкершілік алғаныңыз Қазақстан үшін тағдыршешті оқиға болды. Сіз - бірегей адами қасиетке ие, терең білімді, баға жетпес кәсіби және өмірлік тәжірибесі бар туа біткен көшбасшысыз.

Сіздің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы ретінде Қазақстан мемлекетін, еліңіздің егемендігі мен тәуелсіздігін қалыптастуры және нығайтудағы тарихи миссияңызға берілген шынайы жоғары бағаны толық қолдаймын", - делінген жеделхатта.


© Тұрар Қазанғапов

Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенконың жеделхатында Тұңғыш Президенттің саяси бағдарының арқасында Қазақстан Республикасы табысты, қуатты және тәуелсіз мемлекетке айналғаны айтылған. 

"Сіздің Белорус-Қазақстан ынтымақтастығын дамыту мәселелеріне көңіл бөліп, халықтарымыздың арасындағы көпжылдық достық дәстүрді, өзара құрмет пен бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға қосқан жеке үлесіңіз үшін шынайы ризашылықтамын. Ұлттың шын мәніндегі көшбасшысы, өз халқына адалдықтың үлгісі бола отырып, Сіз мемлекеттің дамуы мен өркендеуі үшін талмай еңбектеніп келесіз", - делінген жеделхатта.


© Давид Акопян

Түрікменстан Президенті Гурбангулы Бердімұхамедов өзінің құттықтауында Қазақстан өмірінің барлық саласында ауқымды өзгерістер мен елдің айтарлықтай жетістіктері Тұңғыш Президент - Елбасы атымен тығыз байланысты екенін атап өтті.

"Біз Түрікменстанда Сіздің елдеріміздің арасындағы қарым-қатынастарды дамытуға қосқан жеке үлестеріңізді жоғары бағалаймыз және көп жылғы тату көршілік, сенім мен құрметке негізделген екі жақты стратегиялық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниеттіміз.

Осы атаулы күні шын жүректен Сізге зор денсаулық, ұзақ өмір, сарқылмас күш-қуат, мол бақыт, ал бауырлас Қазақстан халқына бейбіт өмір тілеп, одан әрі өсіп-өркендей беруіне тілектестік білдіремін", - делінген жеделхатта.

Сербия Президенті Александр Вучич Қазақстанның Тұңғыш Президентінің көреген саясатының арқасында Қазақстанның қол жеткізген жетістіктеріне тоқталды.

"Осы мүмкіндікті пайдаланып, Сербия мен Қазақстанның тығыз ынтымақтастыққа қол жеткізуі жолындағы жан-жақты ниеттестік үшін тағы да алғыс білдіргім келеді. Елдеріміздің қарым-қатынастарын одан әрі нығайтуға көп мүмкіндіктің бар екеніне сенімім мол", - делінген хатта.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети