Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.70
EUR / KZT - 389.99
CNY / KZT - 49.72
RUB / KZT - 5.59

Нұрсұлтан Назарбаев Әділбек Жақсыбековті қабылдады

05 Ақпан 2015, 19:00
0
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әділбек Жақсыбеков. ©akorda.kz
Нұрсұлтан Назарбаев пен Әділбек Жақсыбеков. ©akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Астана әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап. 

Астана әкімі кездесу барысында Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, шешуші мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу жайы және Астананың алдағы қоғамдық-саяси, мәдени-бұқаралық шараларға әзірлігі туралы баяндады.  

Қазақстан Президенті елордада ауқымды жұмыс атқару қажет болатынын атап айтты. "Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы атап өтіледі. Осыған байланысты Наурыз бен Қазақстан халқының бірлігі күнін халқымыздың тұтастығы мен көпэтносты қоғамдағы келісім тақырыбымен орайластырып мерекелеген жөн. Бұл жұмыстарды қазірден бастау керек. Тағы бір маңызды тұс – EXPO-2017 халықаралық көрмеcі нысандарының құрылысы, бұған да ерте қамдану қажет", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Мемлекет басшысы Астанаға айрықша маңыз берілген "Нұрлы жол" бағдарламасын жүзеге асыру мәселелеріне арнайы назар аударды. Атап айтқанда, осы бағдарлама аясында елорданың тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту, инфрақұрылымын дамыту жұмыстары атқарылатын болады. Қазақстан Президенті қаланың инвестициялық тартымдылығын ұдайы арттыру, шағын және орта бизнес субьектілерін ілкімді қолдау қажеттілігіне де тоқталды.

"Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік саланы жақсартуға, адами капиталды дамытуға байланысты міндеттерді орындауды жалғастыруды тапсырды. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы жылу беру маусымын кідіріссіз өткізудің, елорда тіршілігін сапалы қамтамасыз етуге барлық қалалық қызметтердің үйлесімді қатыстырылуының маңыздылығын атап өтті", - делінген хабарламада. 

Мемлекет басшысы Астана әкімімен кездесудің қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай