Нұрсұлтан Назарбаев Алишер Усмановқа орден тақты

11 Мамыр, 15:11
0
Нұрсұлтан Назарбаев Алишер Усмановқа орден тақты - © akorda.kz
© akorda.kz

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев USM Holdings компаниясының құрылтайшысы Алишер Усмановты "Достық" орденімен марапаттады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Алишер Усмановты Қазақстан мен Ресей арасындағы достық қатынастарды нығайтуға және экономикалық ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін І дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады", - делінген хабарламада. 

Алишер Усманов - ресейлік кәсіпкер және өзбек текті меценат, миллиардер, USM Holdings негізін қалаушы. 2019 жылы Forbes журналы жариялаған "20 бай ресейлік кәсіпкерлер" рейтингінде 9-орынға ие болды. 2018 жылдың қорытындысы бойынша Әлішер Усмановтың жағдайы 12,6 миллиард долларға бағаланған.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай