09 мамыр 2018 15:07

Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерді құттықтады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Мемлекет басшысының телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың соғыс ардагерлерімен кездескені түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мемлекет басшысының телерадиокешені Нұрсұлтан Назарбаевтың соғыс ардагерлерімен кездескені түсірілген видеоны жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кездесу бүгін, 9 мамырда Алматыдағы 8 гвардияшыл- панфиловшылар саябағында өтті. Мәңгілік алауға гүл шоғын қою рәсімінен кейін Президент соғыс ардагерлерімен әңгімелесіп, әрқайсысына зор денсаулық тіледі.

"Осындағы көбіңізбен кезінде бірге жұмыс істедік. Неткен мықты адамдар, болаттан жасалған күшті адамдар. Сіздер бізге тыныштық пен бейбітшілік сыйладыңыздар. Бізге берілген тапсырма - Қазақстанда бейбітшілік пен тыныштықты, сондай-ақ, адамдар арасындағы достық қарым-қатынасты сақтап, бір-бірін құрметтеу. Бізде жанданып, гүлдену үшін барлығы жасалған. Бірлік болса, әлі тағы да көп жетістікке жетеміз. Аман-есен болып, жыл сайын осылай көрісіп тұрайық деп келісейік", - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Менің буыным, менен кейін өсіп келе жатқан інілерім өздерін қалай десе де бақытты деп санауға болады. Егер де ойлап қарасақ, тек біздің буын соғыссыз өмір сүріп келе жатыр. Біз ғана бейбіт өмір сүріп келе жатырмыз. Оның барлығы ардагерлердің арқасы. Сіздерге мың да бір рақмет. Жасай беріңіздер. Араламызда бола беріңіздер!", - деді Нұрсұлтан Назарбаев ардагерлерге.


Видеодан алынған скрин

Айта кетейік, бүгін қазақстандықтар Жеңіс күнін тойлап жатыр. Еліміздің барлық өңірінде Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің қатысуымен түрлі мерекелік іс-шаралар өткізіліп жатыр.

Ресми мәліметтерге қарағанда, бүгінде республикада 2 067 Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері (1494 Ұлы Отан соғысы қатысушылары,573 Ұлы Отан соғысы мүгедектері), 39 723 оларға теңестірілген адамдар (22 649 ҰОС қатысушыларына теңестірілгендер, 17 074 ҰОС мүгедектеріне теңестірілгендер), 166 700 Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген басқа санаттағы тұлғалар (оның ішінде 140 606 тыл еңбеккерлері) тұрып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети