04 қыркүйек 2016 19:45

Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында Барак Обамамен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ Президенті Барак Обама мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев © АҒР АҚШ Президенті Барак Обама мен ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев © АҒР

Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қытай Халық Республикасының Ханчжоу қаласында Нұрсұлтан Назарбаев G20 саммиті аясында АҚШ президенті Барак Обамамен кездесті, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар бірқатар маңызды салалардағы екіжақты өзара іс-қимылдың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады.

Екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты.

Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Б.Обаманың президенттігі кезінде екі ел арасындағы ынтымақтастық көптеген бағыттар бойынша, соның ішінде ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

Б.Обама Нұрсұлтан Назарбаевтың Америка Құрама Штаттары үшін жақын дос және сенімді серіктес екенін айтып, өзінің президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де өзара тығыз іс-қимыл жасауға әзір екенін жеткізді.

Кездесу соңында Қазақстан Президенті АҚШ Президенті Б.Обаманы елімізге сапармен келуге шақырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети