Нұрсұлтан Назарбаев Гүлжан Қарақұсованы қабылдады

21 Мамыр, 11:04
0
Нұрсұлтан Назарбаев Гүлжан Қарақұсованы қабылдады - © Tengrinews.kz фотоколлажы
© Tengrinews.kz фотоколлажы

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің төрайымы Гүлжан Қарақұсованы қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз қызметі сілтеме жасап.

Кездесу барысында Комитеттің бюджетті жоспарлау және салық саясаты саласындағы заң шығару қызметінің мәселелері талқыланды.

Гүлжан Қарағұсова 1994 жылдан 1995 жылға дейін Президенттің көмекшісі - Экономикалық кеңесшілер кеңесінің басшысы қызметін атқарды. 1995-1996 жылдары бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы болып жұмыс істеді. 1997 жылдан 2001 жылға дейін Парламент Сенатының депутаты, экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болды. 2001-2007 жылдары еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметін атқарды. Төртінші және бесінші шақырылымдағы Мәжіліс депутаты болып сайланды. 2016 жылдың наурыз айынан бастап алтыншы шақырылымның депутаты. Палатаның қаржы және бюджет жөніндегі комитетін басқарады.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай