Нұрсұлтан Назарбаев Ханчжоуда мәдени нысандарды аралады

05 Қыркүйек 2016, 22:27
7
Нұрсұлтан Назарбаев Ханчжоуда мәдени нысандарды аралады - © Ақорданың баспасөз қызметі
© Ақорданың баспасөз қызметі

Нұрсұлтан Назарбаев Ханчжоу қаласының мәдени нысандарды аралады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап. 

Атап айтқанда, Нұрсұлтан Назарбаев Сиху көлінің жағасында орналасқан Лэйфэнт будда ғибадатханасы мен Чжэцзян провинциясының мұражайын көрді.

Ақорданың баспасөз қызметінің мәліметінше, Ханчжоу қаласының Лайфэнта пагодасы 977 жылы салынған, ал 1924 жылға дейін ол толығымен бұзылып кеткен. Қазір ол қалпына келтіріліп, туристтер үшін ашылған. Лайфэнта пагодасы Сиху көлінің маңындағы ең көрікті он жерінің бірі.

Ханчжоу қаласының музейін атақты Чжэцзян архитектура университетінің профессоры Чжан Юйфэннің жобасы бойынша салынған. Ол жер ең үлкен археологиялық артефакттар мен мәдени құндылықтар сақтайтын жер болып табылады. Экспозициялық алаң 10 залдан тұрады және жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайды. Статистикаға сәйкес музейге жылына екі миллион адам келеді.


© Ақорданың баспасөз қызметі


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (7)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай