Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.08
EUR / KZT - 391.50
CNY / KZT - 50.00
RUB / KZT - 5.64

Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының саммитіне қатысушыларға сөз арнады

14 Сәуір 2016, 17:52
0
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының XIII саммитіне қатысушыларға сөз арнады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Биылғы саммит "Бірлік пен ынтымақ әділеттілік пен бейбітшілік үшін" деген тақырыпен өтті. Оған ұйымға мүше 56 елдің өкілдері, соның ішінде 30-дан аса мемлекет және үкімет басшылары қатысты.

Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан Президенті ИЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін өзекті мәселелерді шешудің маңыздылығын атап өтті. Олардың қатарында жаһандық адами даму индексінің ең төменгі көрсеткіштері, білім беру және медициналық қызметтерге қолжетімділіктің төмендігі айтылды. Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, осы қиындықтар Ислам әлеміндегі көптеген елдердің дамуын барынша тежейді.

Бұл ретте Мемлекет басшысы мұсылман үмбеті үшін басты қауіп ішкі жанжалдар мен қақтығыстар екеніне тоқталды. Атап айтқанда, Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 11 мемлекет осындай қиындықты бастан өткеруде. Жуықта ғана өркенді ел саналған Ливия, Сирия сияқты мемлекеттердің ойраны шықты, Ирак соғыстың салдарынан қатты күйзеліп жатыр. Ислам әлемі суннит және шиит болып бөліну қаупінің алдында тұр. Нұрсұлтан Назарбаев бұған жол бермеу қажеттігін атап көрсетті.

Қазақстан Президенті мұсылман елдерінің ішінде бір-біріне қарсы әскери блоктар құру идеясына да жол бермеу керектігін, бұл еш пайда бермейтін, болашақ тұрақтылыққа балта шабатын әрекеттер екеніне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаев ислам әлемі елдерінің жаппай қарулану бәсекесіне түсуі, әсіресе жаһандық ядролық қаруды таратпау режимін бұза отырып жанталасуы мүлдем ақылға сыймайтынын айтты. Қазақстан Таяу Шығыста ядролық қарудан азат аймақ құруды жақтайды.

Мемлекет басшысы бүгінде Ислам ынтымақтастығы ұйымына мүше 15 ел халықаралық лаңкестердің қысымына ұшырағанын айтып, соның кесірінен сан миллион мұсылман үмбеті әлемнің әр қиырында жанына сауға сұрап, жайлы өмір іздеген босқынға айналуға мәжбүр болғанына тоқталды.

Қазақстан Президенті лаңкестіктен бірінші кезекте мұсылман әлемі елдерінің өздері зардап шегетінін, апта сайын ешбір жазығы жоқ ондаған адам лаңкестік шабуылдардың құрбанына айналып отырғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев әлемде әртүрлі дін өкілдері мен сан алуан мәдениет иелері бейбітшілік пен келісімде өмір сүріп жатқан талай мұсылман елдері бар екеніне назар аударды. Қазақстан Президенті 17 конфессия мен 100-ден астам этнос өкілдері біртұтас азаматтық ұлтқа айналған біздің елді бұған мысал ретінде келтірді.

Мемлекет басшысы біздің республика өзара жауапкершілік пен қолдаудың ұлттық моделін табысты дамытып жатқанын, оның ең басты тетігі Қазақстан халқы Ассамблеясы екенін атап өтті. Бұған қоса, 15 жылдан бері біздің жерімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі өтіп келеді.

Қазақстан Президенті әрбір мемлекет пен қоғамның ең басты міндеті ретінде ішкі тұтастықтың маңыздылығын айтты. Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев Сирияда араз топтардың арасында диалог орнай бастағанына, Ислам ынтымақтастығы ұйымы ондағы бітім үдерісіне қолдау білдіруі қажеттігіне назар аударды.

Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Қазақстан көптеген елдегі жанжалдарды реттеуге қатысып, бейбіт өмірге оралуына қолғабыс етіп келеді. Мәселен, еліміз Ирактағы бітімгершілік миссияға белсене қатысты, Ауғанстанға көмек қолын созды және Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі проблеманы шешуге атсалысты. Қазақстанның бастамасымен және БҰҰ-ның қолдауымен Нью-Йорк пен Астанада бейбітшілікті және терроризмге қарсы іс-қимылды қолдаған халықаралық форумдар өтті.

Мемлекет басшысы ислам мен прогресс ұғымдары қатар жүруі керектігін айтты. Біріншіден, Ұйымға мүше елдердің Сауда-экономикалық және техникалық ынтымақтастық жөніндегі бас келісімін дәйекті түрде жүзеге асырып, еркін сауда аймағын құрған жөн. Екіншіден, "Ислам инфрақұрылымдық ықпалдастығы" стратегиялық жобасын жасап, жүзеге асыруымыз қажет. Үшіншіден, энергияның баламалы көздері, биотехнологиялар, материалтану секілді бағыттардың қарқынды дамуын ескеріп, 2017 жылы Астанада ИЫҰ-ның ғылым мен технология жөніндегі саммитін өткізу ұсынылды. 

Қазақстан Президенті ИЫҰ алдында тұрған маңызды мақсат Ұйым аясында лаңкестікке қарсы тұрудың шаралар кешенін жасау екенін айтты. Бұл ретте Нұрсұлтан Назарбаев лаңкестік актілер жөнінде біржақты ғана жарияланып жатқанына және сонымен байланысты исламофобияға айрықша назар аударып, осы мәселеге арналған тұрақты жұмыс істейтін форум құруды ұсынды.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Саммит барысында айтылған бастамалар табысты жүзеге асырылады деп үміттенетінін жеткізді.

Саммит қорытындысы бойынша "ИЫҰ-2025: Іс-қимыл бағдарламасы" деп аталатын 10 жылдық стратегиялық құжат пен өзге де өзекті мәселелерге қатысты қарарлар қабылдау жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, қорытынды коммюнике жобасына Қазақстан ұсынған бірқатар халықаралық бастамалар кірді.


©REUTERS


© Akorda.kz


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай