10 маусым 2014 18:53

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  ©Тengrinews.kz ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тengrinews.kz

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.


Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының бірқатар заңдарына қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Ақордаға сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев  "Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған табыстарды (кірістерді) легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы тұру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң қылмыстық жолмен алынған табыстарды легализациялауға және терроризмді қаржыландыруға қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіруге бағытталған.

Айта кетейік, бұл құжатты Парламент Сенаты 2014 жылдың 15 мамырында қабылдап, қол қою үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберген. Жаңа заң жобасының басты мақсаты  қылмыстық жолмен алынған табыстарды (кірістерді) легализациялаудың және терроризмді қаржыландырудың алдын алу болып табылады. Құжат белгісіз есеп-шоттарға және ойдан шығарылған адамдардың атына есеп-шот ашуға, қылмыстық топтармен қарым-қатынас орнатуға тиым салады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң қолданыстағы құқықты "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Заңға сәйкестендіруге бағытталған.

 

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети