Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.58
EUR / KZT - 390.38
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.63

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президентін мақтады

12 Тамыз 2015, 12:25
5
© Akorda.kz
© Akorda.kz
© Akorda.kz
© Akorda.kz

Нұрсұлтан Назарбаев Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевпен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қырғызстан Алмазбек Атамбаевтың басшылығымен орнықты даму қарқынын көрсетіп отырғанына назар аударды.

Қырғыз көшбасшысы Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші рөлін атай отырып, сапарлап келгені және жемісті ынтымақтастық үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Назарбаевтың баспасөз қызметінің мәліметінше, кездесу барысында екі мемлекеттің көшбасшылары еуразиялық ықпалдастық мәселелерін және Қырғызстанның Еуразиялық экономикалық одаққа кіруіне байланысты өзара іс-қимылдың, сондай-ақ оған ЕАЭО аясында қолдау көрсетудің жаңа жағдайларын талқылады.

Сонымен қатар екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен оның инвестиция, өнеркәсіп, жол құрылысы, туризм және басқа салалардағы келешегі қарастырылды.

Нұрсұлтан Назарбаев кедендік шекараларды ашу екіжақты экономикалық қатынастарға оң ықпал етіп, бизнес үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.

Сонымен қатар, Қазақстан мен Қырғызстан президенттері өңірлік қауіпсіздік мәселелері және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде де пікір алмасты. 

 

Нравится
Поделиться
Пікірлерді көру (5)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай