29 қыркүйек 2016 15:39

Нұрсұлтан Назарбаев Орта Азиядағы ең ірі көпірдің құрылысымен танысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Ақорда © Ақорда

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең ірі көпір құрылысын көріп қайтты, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Көпірдің құрылыс жұмыстарының 95 пайызы салынып, бітуге жақын қалғанын айта кету керек. Жұртшылық көпірді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне атауды ұсынды. Бұл ұсынысты Назарбаев қолдады. 


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Орталық Азиядағы ең ірі көпір құрылысын көріп қайтты, деп жазады Tengrinews.kz тілшісі. Көпірдің құрылыс жұмыстарының 95 пайызы салынып, бітуге жақын қалғанын айта кету керек. Жұртшылық көпірді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне атауды ұсынды. Бұл ұсынысты Назарбаев қолдады. 

Елбасы құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі кезде көпірді бояу жұмыстары жүріп жатыр. Көпір аркалары көк түске боялып қойған, ал көпір аспалары алтын түске боялады. Осылайша, көпір өткелі мемлекеттік туды еске салатын болады.

Ертіс үстімен салынып жатқан ұзындығы 12,3 километрлік ірі көпір құрылысы 2013 жылы басталған болатын. Ол Орта Азиядағы ең ұзақ көпір болмақ. Өзен өткелі Павлодар-Астана төрт жолақты автобанының бір бөлігі. Нысан Қазақстан орталығын Ресейдің шектес аумақтарымен байланыстырушы Астана - Павлодар - Семей - Қалбатау - Өскемен қалалары арқылы өтетін  Орталық-Шығыс бағытының транзиттік әлеуетін дамытудың республикалық жобасына енді.

Жол бөлігі "Батыс Еуропа - Батыс Қытай" трансұлттық дәлізінің шығыс тармағындағы маңызды бөлікке айналады. Бұл жоба транзиттік көліктердің жолын 40-тан астам шақырымға қысқартуға мүмкіндік береді. 

Айта кетейік, ағымдағы жылдың тамыз айында бұрынғы премьер-министр Кәрім Мәсімов көпірді Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығы құрметіне атау  керек деген ой айтқан болатын. Ол осындай өтінішті Назарбаевқа жеткізуді ұсынған болатын. 

Естерңізге салсақ, бүгін Елбасы Павлодар облысына келді. Жұмыс сапары барысында салынып жатқан жаңа "Сарыарқа" ықшамауданында болып, тұрғынүй құрылысымен танысты, балаларған арналған техникалық мектепте және "Агро" ЖШС бидай кешенінде болды.

Күннің екінші бөлігінде қалалық Достық ұйінде KAZ Minerals Bozshakol кәсіпорнымен телекөпір өтеді, ол жерде Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысы жұртшылығымен кездесеу өткізеді. Айта кетейік, компания республикамызда жетекші мыс өндірушілер қатарына жататын KAZ Minerals PLC тобына кіреді. Тау-байыту комбинатының күштілігі жылына 30 миллион тонна мыс кені мен жүз мың тонна мыс концнтратын алуға мүмкіндік береді. Дайын өнімді шетелге, бірінші кезекте ҚХР-ге шығару жоспарланып отыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети