09 мамыр 2015 21:07

Нұрсұлтан Назарбаев Пан Ги Мунмен және 7 мемлекеттің басшыларымен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

@May9.ru @May9.ru

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне қатысу кезінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және жеті елдің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне қатысу кезінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және жеті елдің басшыларымен екіжақты кездесулер өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен кездесу барысында ынтымақтастықтың негізгі бағыттары, оны әрі қарай жандандыру мүмкіндіктері, сондай-ақ түрлі салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиевпен кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, инвестиция және көлік-транзит салаларындағы өзара ықпалдастықтың негізгі жайттары туралы сөз қозғалды. Мемлекеттер басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде де пікір алмасты. "Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Венесуэла Боливариан Республикасының Президенті Николас Мадуро екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ осы байланыстарды кеңейтудің келешегін талқылады", - делінген баспасөз хабарламасында. Сонымен қатар, Нұрсұлтан Назарбаев Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдоржпен, Куба Республикасының Мемлекеттік кеңесі мен Министрлер кеңесінің төрағасы Рауль Кастромен, Сербия Республикасының Президенті Томислав Николичпен, Чехия Республикасының Президенті Милош Земанмен және Оңтүстік Африка Республикасының Президенті Джейкоб Зумамен екіжақты кездесулер өткізді.

Еске сала кетейік, Назарбаев Мәскеудегі Жеңіс шеруіне қатысты. Осыған дейін Кремльде Ресей президенті Владимир Путинмен екіжақты кездесу өткені хабарланған болатын. Сонымен қатар, Египет президенті Әбдел Фаттах ас-Сисимен және Вьетнам Президенті Чыонг Тан Шангпен кездесті. Тараптар сауда-экономика және инвестиция салаларындағы ықпалдастықтың негізгі бағыттарын қарастырды, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді де қозғады. 8 мамырда Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысына қатысты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети