01 қыркүйек 2015 14:16

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясының ашылуына қатыса алмауына байланысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев Парламент сессиясының ашылуына қатыса алмауына байланысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Қытай Халық Республикасында мемлекеттік сапармен жүрген Елбасы көп жылдан бері алғаш рет Парламент жұмысын бастап бере алмай отыр.

"Мен көп жылдан бері алғаш рет Парламент жұмысын ашып бере алмай отырмын. Конституция бойынша мен бұған қатысуым керек. Конституция бұл жұмысты Парламент спикеріне тапсыруыма мүмкіндік береді. Сондықтан да Парламент жұмысын Мәжіліс төрағасы Жақыпов мырза ашады. Мен депутаттарға сәттілік тілеймін. "100 нақты қадам" реформасы бойынша оларды үлкен жұмыстар күтіп тұр. Жыл соңына дейін 57 заңнамалық актіні қабылдау және өзгертулер енгізу керек", - деді Қазақстан Президенті Қытайға мемлекеттік сапары аясында қазақстандық ақпарат құралдары өкілдеріне арналған баспасөз мәслихаты кезінде.

Ол "5 реформаның" келесі жылдан бастап жұмыс істеуі үшін бұл заңнамалық актілердің өте маңызды әрі қажет екенін айтты.

"Мен депутаттар бұған жауапкершілікпен қарайды, реформаның Қазақстанда жүзеге асуына өз үлестерін қосады деп ойлаймын", - деді Назарбаев.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети