30 сәуір 2015 17:23

Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің жаңа құрамын бекітті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Үкімет үйі. © Тұрар Қазанғапов Үкімет үйі. © Тұрар Қазанғапов

Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы" жарлыққа қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабы 3-тармағына сәйкес, Мемлекет басшысының жарлығымен төмендегі азаматтар Үкімет мүшесі болды:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Әсет Өрентайұлы Исекешев – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова – Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Владимир Сергеевич Школьник – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

Еске сала кетейік, 29 сәуірде Астанада Президентті ұлықтау рәсімі өтті. Осыдан кейін Мемлекет басшысы министрлер кабинетінің өкілеттігін доғаруға байланысты "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" жарлыққа қол қойды. Сонымен қатар, облыс әкімдері және Астана мен Алматы қалаларының басшылары отставкаға кетіп, Президентке тікелей бағыныстағы және оған есеп беретін мемлекеттік органдар басшыларын қызметінен босатылды. Кейін Мемлекет басшысы премьер-министр қызметіне Кәрім Мәсімовты ұсынды. Бұдан кейін Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаттары премьер-министрлікке ұсынылған Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын мақұлдаған болатын. Сөйтіп, Мемлекет басшысы Кәрім Мәсімовті ҚР премьер-министрі қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети