03 наурыз 2015 10:19

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы алғаш рет латыш тілінде жарық көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі ©ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Президентінің кітабы алғаш рет латыш тілінде жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Қазақстан Президентінің кітабы алғаш рет латыш тілінде жарық көрді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Латвияда тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "G-global: XXI ғасыр әлемі" атты кітабы жарыққа шықты. Бұл Елбасының латыш тілінде басылып шыққан алғашқы еңбегі болып отыр", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, кітап 27 ақпан - 1 наурыз аралығында Балтық елдеріндегі ең үлкен "Кипсала" көрме орталығында өткізілген "Кітап-2015" атты кітаптар мен басылымдар халықаралық көрмесінің ашылу салтанатында таныстырылды.

Танымал латыш саясаткерлері, журналистер одағының президенті Юрис Пайдерс пен теле және радиотарату қауымдастығының басшысы Гунта Лидака бұл кітапта қазіргі кезеңде адамзатты толғандыратын ауқымды мәселелердің көтерілгенін атап өтті. 

Сарапшылардың айтуынша, кітап 2013 жылы жазылса да, автор бүгінгі ғаламдық оқиғалар мен экономика және халықаралық саясаттағы айтулы өзгерістерді болжай білген. Жан-жақты талдау, ғаламдық үдерістерді терең түсінуі арқасында кітап саясаткерлер мен сарапшылар ортасында ғана емес, сонымен қатар, қалың оқырмандардың арасында да танымал болады. Кітапта көтерілген мәселелер бүгінгі таңда аса өзекті болып отыр және бұл еңбектің өмірлік мән-маңызы зор.

"Бұл қазақстандық көшбасшы саясатының көрегенділігін дәлелдей түседі. Латвияның Еуроодақ кеңесіндегі төрағалығы жылы өткен кітаптың тұсаукесері екі мемлекет үшін де аса маңызды оқиғаға айналды", - делінген министрліктің хабарламасында. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети