04 қаңтар 2018 | 16:30

Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы жарияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты кітабы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорданың Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

"Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Тәуелсіздік дәуірі" атты бұл кітабы тарихи публицистика жанрында жазылған, ол еліміздің жаңа тарихы мен оның ертеңіне деген автордың көзқарасын танытады. Егемен мемлекеттің негізі қаланған күннен бастап оның қалыптасу кезеңдерінің ерекшеліктері мен 26 жылдық тәуелсіздік дәуіріндегі ішкі және сыртқы сын-қатерлерді еңсеруге байланысты қабылданған шешімдердің мән-мазмұны мен тетіктері егжей-тегжейлі баяндалады", - делінген кітаптың баяндамасында. 

Кітапта "қазақстандық даму үлгісінің" табиғаты мен оның эволюциясы, басты ұстанымдары мен қозғаушы күштері сараланғаны айтылады. Қазақстанды жаңғыртудың үш толқыны кеңінен ашып көрсетілген.

"Бірінші және екінші жаңғырту аясында тоталитарлық жүйеден түбегейлі ажырап, нарықтық экономиканы құру және бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына қосылу міндеті мерзімінен бұрын орындалды. Үшінші жаңғыртудың мақсаты - елімізді қалыптасқан жаңа жаһандық ахуал жағдайында жаңғырта отырып, әлемдегі ең өркенді 30 мемлекеттің қатарына қосу", - делінген Нұрсұлтан Назарбаевтың дербес парақшасында. 

Кітапты Президент сайтындағы дербес парақшасынан жүктеп алуға болады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети