19 қазан 2016 18:25

Нұрсұлтан Назарбев үкімет басшысын қабылдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Akorda.kz © Akorda.kz

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа республиканың ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Қазақстан Президенті қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан барлық бастамалардың келесі жылы әрі қарай тиімді іске асырылуының негізі қаланғанын айтып өтті.


ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа республиканың ағымдағы жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы және негізгі мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы жөнінде есеп берді. Бұл туралы Тengrinews.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
 
Қазақстан Президенті қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан барлық бастамалардың келесі жылы әрі қарай тиімді іске асырылуының негізі қаланғанын айтып өтті.

"Бірінші кезекте, бюджетке тиісті түзетулер енгізілді. Сонымен қатар, барлық қажетті мемлекеттік бағдарламалар қабылданды. Соның ішінде, тиімді көлік-логистикалық инфрақұрылымын құрудан тұратын, "Нұрлы жол" даму бағдарламасының аясында халықтың әл-ауқатын арттыру шараларын қабылдау және республиканы жүйелі индустриалды-инновациялық дамумен қамтамасыз етудің маңыздылығы айқын", - деді Мемлекет басшысы.

Премьер-Министр өз баяндамасында республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының барлық негізгі көрсеткіштерінде оң серпіннің бар екендігін мәлімдеді. Инфляция деңгейі берілген параметрлерде сақталған.

Б. Сағынтаев Қазақстан Президентінің ағымдағы жылдың 9 қыркүйегіндегі Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмалары уақытылы орындалып жатқанын айтты. Сонымен қатар, ел экономикасын әрі қарай дамытуды ынталандыру мақсатындағы 481 млрд теңге көлеміндегі қосымша қаражаттың бөлінуі бекітілді.

Сондай-ақ, Премьер-Министр күніне 90 мың баррель көлеміндегі өнім беретін Қашаған мұнай-газ кен орнының іске қосылғанын айтып өтті.  

Бұдан өзге, Б. Сағынтаев Мемлекет басшысына, бірінші кезекте, азық-түлік өнімдері мен негізгі қажетті тауарлардан бастап бағаларға және халық пен әлеуметтік мекемелерді жылумен үздіксіз қамтамасыз етуге, сонымен қатар, тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жоспарланған нысандардың уақытылы тапсырылуына тұрақты бақылау орнатылғаны туралы ақпарат берді.

Сондай-ақ, Н. Назарбаевқа елдің экспорттық әлеуметін әрі қарай дамытуға байланысты қабылданып жатқан шаралар туралы хабарланды.

Қазақстан Президенті республикадағы жинау науқанының аяқталғанын және ендігі кезекте үкіметтің дәнді-дақылдарды экспорттау мәселесін шешуі керектігін айтып өтті.  

"Дәнді-дақылдардың ірі өндірушілері болып табылатын көптеген елде мол астық өнімі байқалады. Сол себепті де осы нарықта жоғары бәсекелестік күтіледі. Біз бірқатар елмен астықты экспорттау туралы келісімге қол қойдық. Осы уағдаластықтардың шеңберінде тапсырылатын өнім көлемдерін анықтап алуымыз керек", - деді Н. Назарбаев.

Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети