01 наурыз 2017 18:18

Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрлан Нығматулин Нұрлан Нығматулин

Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұрлан Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР Парламент Мәжілісінің төрағасының өкімін төменгі палатаның баспасөз қызметі жариялады.

"Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 3 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын", - делінген Өкімде.

Еске салайық, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгертулер енгізуге қатысты Жұмыс тобының қорытынды отырысы өткен еді. Жұмыс тобының қорытынды пакетіне Конституцияға енгізілетін 24 өзгеріс енді.

Президент азаматтардың барлық ұсынысы есепке алынып, назарсыз қалмайтынын айтты. "Ештеңе де тұрақтап қалмайды, процесс жүріп жатыр, өмір жалғасады, барлығы даму үстінде. Уақыттың талабымен белгілі бір өзгерістер енгізілетін шығар", - деді Елбасы.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети