04 маусым 2015 14:36

Облыстардағы шенеуніктер қылмыстық схема құрады және параны жанармай талоны түрінде алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Tengrinews.kz ©Tengrinews.kz

Облыстардағы кейбір шенеуніктер қылмыстық схемаларды жасауды жалғастырып жатыр. Мемлекеттік органдардың кейбір басшылары жүйелі негізде 10 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алады, олар тіпті жанармай талоны түріндегі парадан жиренбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі антикоррупциялық қызметтің сотқа дейінгі тергеу департаменті басшысының орынбасары Есқали Саламатовқа сілтеме жасап.


Облыстардағы кейбір шенеуніктер қылмыстық схемаларды жасауды жалғастырып жатыр. Мемлекеттік органдардың кейбір басшылары жүйелі негізде 10 мыңнан 200 мың теңгеге дейін пара алады, олар тіпті жанармай талоны түріндегі парадан жиренбейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі антикоррупциялық қызметтің сотқа дейінгі тергеу департаменті басшысының орынбасары Есқали Саламатовқа сілтеме жасап.

"Антикоррупциялық қызметтің тәжірибесі кейбір өңірлерде тұрақты мәнге ие жемқорлық жүйелердің жалғасып жатқанын көрсетіп берді", - деді Саламатов Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамдық кеңесінің отырысы кезінде. 

Ол облыс басшыларының "қызметтік жағдайын пайдаланып, қол астындағыларды тарту арқылы қылмыстық схемаларды материалдық түрде баю үшін жасап жатқан" жағдайын мысалға келтірді. 

Мәселен, Ақтөбе облысында облыстық қаржылық бақылау инспекциясының басшысы және оның орынбасары жағымды бақылау актісін толтыру үшін тексерілетін нысандардың жұмысшыларынан жүйелі негізде 10 мыңнан 100 мыңға дейін пара және жанармайға талон алып отырған. Бұл іс сотқа жолданды.

110 мың теңгеге дейін пара алудың осындай схемасы Қызылорда облысында да ашылды, онда облыстық қаржылық бақылау инспекциясы басшысының орынбасары жауапқа тартылып жатыр. Алматы облысында индустриалдық даму және өнеркәсіп қауіпсіздік департаментінің басшысы мен бөлім басшысы ұсталды, олар қауіпті техникалық құралдарды есептен шығару мен қою үшін кәсіпкерлерден 50 мыңнан 200 мыңға дейін пара алған. Алдын ала есептеулер бойынша, басшының ай сайынғы қылмыстық табысы 3 миллион теңге болған.

Батыс Қазақстан облысында облыстық мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысына және облыстық аймақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясының басшысының орынбасарына кәсіпкерлерден алған сомаларының еселік мөлшеріндегі айыппұл салынды. Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алулар бойынша конкурста жеңіске жеткізгені үшін 300 мың теңге пара алған облыстық аймақтық агроөнеркәсіп кешенінің басшысы мен оның орынбасарының ісі сотқа жолданды.  

"Оңтүстік Қазақстан облысында орта мектеп мұғалімдерінің аттестациядан өтуі үшін жүйелі түрде пара бопсалаумен айналысқан білім беру саласындағы бақылау жөніндегі облыстық департаменттің басшысының қамауға алынуынан кейін бір апта өткенде Шымкенттің білім беру бөлімінің басшысының орынбасары ұсталды, ол мемлекеттік сатып алулар конкурсында жеңіске жеткізу үшін алаяқтық жолмен 1,5 миллион теңге көлеміндегі сыйақыны заңсыз алған", - деді спикер.

Сонымен қатар, Павлодар облысында бюджет қаражатын жымқырғаны үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, жастар саясаты мәселесі жөніндегі облыстық басқарманың директоры сотқа берілді. Тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі облыстық департаменттің басшысы, Павлодардың төтенше жағдайдар жөніндегі басқарма басшысы, Баянауыл ұлттық табиғи саябағының директоры пара алғаны үшін жауапқа тартылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети