16 ақпан 2018 18:11

ОҚО әкімі 3 миллионыншы тұрғынға пәтер сыйламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/ontustik.gov.kz/ © facebook.com/ontustik.gov.kz/

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің үш миллионыншы тұрғынын дүниеге әкелеген анаға бір пәтер беруге дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімі халық алдындағы есепті кездесуіндегі көпбалалы ананың қойған сұрағына жауап ретінде айтты. 


Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі әкімі Жансейіт Түймебаев өңірдің үш миллионыншы тұрғынын дүниеге әкелеген анаға бір пәтер беруге дайын екенін жеткізді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы облыс әкімі халық алдындағы есепті кездесуіндегі көпбалалы ананың қойған сұрағына жауап ретінде айтты. 

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы "Түркістан" сарайында өткен жылды қорытындылап, халық алдында есеп берді. Онда әкім 2017 жылы өңірдің экономикалық және әлеуметтік салаларында атқарылған жұмыстарға тоқталып, алдағы жылда іске асырылатын жұмыс жоспарлары туралы баяндады.

Жалпы есепті жиынға қатысқан бір мыңнан астам тұрғыннан бөлек, өңір жұртшылығы аймақ басшысының есебін облыс әкімдігінің ресми сайты мен әлеуметтік желідегі Facebook парақшасынан көрсетілген тікелей эфир арқылы да тыңдай алды.

Облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың кездесуінде тұрғындардың бірі 3 миллионыншы болып дүниеге келген сәбиге қандай көмек көрсетілетінін сұрады. "Біздің аймақ демографиялық көрсеткіш бойынша елімізде көшбасшы. Астана мен Алматы қалаларында дүниеге келген, миллионыншы қазақстандыққа сыйлықтар беріп жатады. Ал облыс халқының саны осы жылы 3 миллионға жетеді жоспарлануда. Сіз үш миллионыншы балаға не бересіз?" - деп сұрады көпбалалы ана Гүлжан Жолбарыс.

Бұл сұраққа облыс әкімі ойланбастан, 3 миллионыншы облыс тұрғынына пәтер беруге дайын екенін айтты.
Статистика департаментінің мәліметі бойынша, ОҚО халқының саны бүгінгі таңда 2 млн 928 мың адамды құрап отыр. Ал 2017 жылы облыста 78 мыңнан аса бала дүниеге келген.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети