20 желтоқсан 2017 14:46

ОҚО әкімінің бірінші орынбасары тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ОҚО әкімінің баспасөз қызметі © ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары  қызметіне Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Бүгін ҚР Президенті әкімшілігінің келісімімен және Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыс әкімінің бірінші орынбасары  қызметіне Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Аймақ басшысы жаңа орынбасарына өз саласындағы өзекті мәселелерге сараптама жасап, алдағы атқарылатын жұмыстар бойынша нақты іс-шара жоспарын жасауды тапсырды.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Дархан Амангелдіұлы Сатыбалды шетелге оқуға кетуіне байланысты өз өтініші негізінде жұмыстан босатылды. Өңірде қызмет атқарған жылдары ішіндегі жемісті жұмысы үшін Дархан Сатыбалдыға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев алғысын білдіріп, "Облысқа сіңірген еңбегі үшін" медалімен марапаттады.

Әліпбек Шәріпбекұлы Өсербаев 1961 жылы туылған, білімі жоғары, мамандығы бойынша біліктілігі инженер-химик-технолог.

Еңбек жолын 1983 жылы Қарағанды асбест-цемент өнімдерін шығаратын зауытының машинисті ретінде бастаған. 1986-2014 жылдары Түркістан қаласы құрылыс детальдары мен конструкциялары комбинаты зертханасының инженері, мастері, экономисті, цех бастығы, бас инженері, "Қуат Суиндустрия" АҚ, KazakhConstruction Industry АҚ Түркістан қаласы рудасыз материалдар комбинаты филиалдарының директоры, Түркістан қалалық мәслихаты хатшысының міндетін атқарушы, Түркістан қаласы құрылыс бөлімінің меңгерушісі, Кентау, Түркістан қаласы әкімінің орынбасары, Түркістан қаласының әкімі, облыстық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы лауазымдарын атқарған.

2014 жылдың қыркүйек айынан бастап бүгінге дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан қаласының әкімі болып қызмет еткен.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети