10 маусым 2017 17:31

ОҚО-да белсенділер тізгінде белбеу тақпаған полицейлерді видеоға түсіріп алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оңтүстік Қазақстан облысында "ОСА" қоғамдық қозғалысының белсенділері көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпай келе жатқан полицейлерді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оңтүстік Қазақстан облысында "ОСА" қоғамдық қозғалысының белсенділері көлікте қауіпсіздік белбеуін тақпай келе жатқан полицейлерді видеоға түсіріп алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Youtube видеохостингінде Шымкенттегі "ОСА филиалының директоры Денис Шевченконың үндеуі жарияланды. Ер адам биыл 9 маусымда Y 202 KP мемлекеттік нөмірі бар патрульдік көліктің жол қозғалысы ережелерін бұзғанын айтады. Шевченконың айтуынша, полиция формасын киген жүргізуші мен жолаушы қауіпсіздік белбеуін тақпай отырған.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының жергілікті полиция қызметінің бұрынғы басшысы 2016 жылдың соңында қызметінен кеткен болатын. Шевченконың айтуынша, ведомствоға жаңа басшы келсе де, жол қозғалысы ережелері әлі де бұзылып жатыр. Осыған байланысты ер адам жергілікті полиция қызметінің қазіргі басшысынан қызметкерлерімен жол қоғалысы ережелерін сақтау туралы кеңес өткізуін сұрады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети