24 ақпан 2016 13:36

ОҚО-да жоғалып табылған бала сұхбат берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Шымкентте тілшілер жоғалып кетіп, қайта табылған баланың анасымен кездесті. Мұхаммед Қамшыбектің жағдайы жақсы, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте тілшілер жоғалып кетіп, қайта табылған баланың анасымен кездесті. Мұхаммед Қамшыбектің жағдайы жақсы, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін ата-анасы баланы дәрігерге апарды. Бала өзін ұрлаған әйелдің мультфильмдер көрсетіп, уақытында тамақтандырып, тіпті дүкеннен сусын сатып алып бергенін де айтты. Болған жағдайдан шошынып қалған бүлдіршін қысқа ғана сөйледі.

Баланың айтуынша, өзін ұрлап кеткен Балжан есімді әйел оны ренжітпеген. Мұхамед өзін ұрлаған әйелдің үйінде тағы бір қыз баланың болғанын жеткізді. Әйел адам баланы дәріханаға барып қайтуға шақырып, үйіне алып кеткен. Ата-анасын іздеген балаға әйел олардың жақын арада келетінін айтып жауап берген. "Мен анам мен әкемді қатты сағындым", - деді Мұхаммед Қамшыбек.

Бала үнемі анасын құшақтап отырды, ол тамақ ішкісі келетінін айтты. Баланың анасы болса осы уақыт бойы қатты алаңдағанын, қатты қорыққанын жеткізді. "Қазір мен бақыттымын, бәріне алғыс айтамын. Қазақстандықтарға балаға абай болуға кеңес беремін", - деді баланың анасы.

Еске салайық, жоғалып кеткен Мұхаммед 23 ақпанда Арыстан табылды. Оның қасында 59 жастағы әйелдің болғаны анықталды. Оның түр-келбеті фотороботпен сәйкес келеді екен. Облыстық ІІД әйелдің ұсталып, оның үстінен "Адам ұрлау" бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалғанын айтты.


© Tengrinews.kz. Көшіруге тыйым салынады

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети