ОҚО-да тастанды бала анасын табу үшін ән кешін өткізді

17 Ақпан 2018, 16:25
0
ОҚО-да тастанды бала анасын табу үшін ән кешін өткізді - Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр
ОҚО-да тастанды бала анасын табу үшін ән кешін өткізді -

Оңтүстік Қазақтан облысында тастанды бала анасын табу үшін ән кешін өткізді, деп хабарлады tvk-uko.kz.

Телеарнаның хабарлауынша, анасына арнап ән кешін өткізген Айдос Қалиев көрерменнің көңілін босатты. Балалар үйінде тәрбиеленген өнерлі жігіт, концерттің атын "Анаға сағыныш" деп қойған. Мүмкіндігі шектеулі болса да қайырымдылық жасаудан шет қалмаған ол, жеті рет шағырмашылық кешін өткізген.

"Айдос Қалиев бала кезден ән айтады. Оның өнерге деген ұмтылысына өзгелер де қызығушылықпен қарайды. Бұл жолы да шығармашылық кеште қолдау білдіріп келгендер көп болды. "Анаға сағыныш" атты жеке концерті жастар ресуртық орталығының демеуімен шымылдығын түрді", - деп хабарлады телеарна тілшісі.

Балалар үйінде бір нанды бөліп жеген Айдостың қатарластары оның шығармашылығын жоғары бағалайды. Жас әншімен бірге өскен жанашыр достарының бірі Заретта Өтемісқызы өнерлі жігітті жүрегі таза адам деп біледі.

"Айдос ол кішкентай кезінен өз өнерін көрсетуді бастаған. Өте сондай жүрегі таза адам, ақ көңіл. Өнерге деген көзқарасы өте жарық. Мен оны біраз жылдан танимын. Оның өнеріне әрқашанда тек қана қуаншытымын", - деді ол.

Анаға деген сағынышты әнмен жеткізген кеш иесі, концертке келгендердің көзіне жас үйірді. Алайда ол өзінен бас тартқан анасына ренжіген емес.

"Бүгінгі кештің тақырыбы "Анаға сағыныш". Өйткені ол өзімнің шынайы өмірімнен алынған тарих. Суық тарих. Әлі күнге дейін шешілмеген сұрақ. Құдай қаласа осы кештен кейін анамды тапсам деген ниеттеміз. Осы анамды іздеумен айналысамыз. Бүгінгі кеш өте әсерлі кеш болмақ. Бұл жерде қазіргі жастарды, жас аналарды балаларын тастамаса екен, ешбір сәби далада қалмаса екен деген мақсат", - деді Айдос Қалиев.

Айдос Қалиев осы концертінен соң үзіліс алып, альбом шығаруды жоспарлап отыр. Жас әнші демеушілер табылса біраз белесті бағындырғысы келеді. Ал бағындырар белесінің ең үлкені анасын табу. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай