23 шілде 2014 11:07

ОҚО кәмелет жасқа толмағандарға арналған адаптация орталығына қатысты жанжал күшейе түсті

ПОДЕЛИТЬСЯ

"31 арна" "31 арна"

 Оңтүстік Қазақстан облысында Кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығында шыққан жанжал күшейе түсті. Шымкенттің тағы бір тұрғыны ғаламторға өзінің ұлын орталықтағы тәрбиешілердің бірі қалай ұрғанын айтқан бейнежазбасын салды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz  "31 арнаға" сілтеме жасай отырып. 


 Оңтүстік Қазақстан облысында Кәмелет жасқа толмағандарға арналған бейімдеу орталығында шыққан жанжал күшейе түсті. Шымкенттің тағы бір тұрғыны ғаламторға өзінің ұлын орталықтағы тәрбиешілердің бірі қалай ұрғанын айтқан бейнежазбасын салды, деп хабарлайды  Tengrinews.kz  "31 арнаға" сілтеме жасай отырып. 

9 жастағы Дінмұхамед Спабекті анасы 34 жастағы Кәрима ауруханаға, жансақтау бөліміне түсіп қалғаннан кейін Бейімдеу орталғына алып кеткен. "Мен Фарида апайға мені ұрмаңыз дедім. Ол менің аяғымнан қатты тепті, аяғым қанап кетті. Апай маған "еденді жу, ананы жу, мынаны жу" деп қатты ұрды. Мен арқамның, аяғымның ауырып тұрғанын айтып, еденді жумай қойдым" дейді бала. 

Дінмұхамедтің анасының айтуынша, эпилепсимен ауыратын баласын орталықтан ауруханаға әрең жеткізген. Баланың аяғындағы жарақатты бір айдай емдеп жазыпты. Әйел осы оқиғаға байланысты прокуратураға шағым жазған, бірақ жауап болмапты. Сондықтан ол Бас прокуратураға осы бейнежазбаны жіберіп отыр. 

Сондай-ақ телеарна тілшілері Кәмелет жасқа толмаған балаларға арналған бейімдеу орталығындағы былықтар туралы айтқан қыздардың бейнежазбасын да тапты.  Осы роликті орталық қызметкерлерінің бірі Роза Байсариева түсірген көрінеді. Оның айтуынша, қыздардың орталық туралы айтқан сөздері толықтай шын болмаса да,орталық қабырғасында заңсыздықтар жетіп артылады. 

Еңбекшіқазақ ауданы прокурорының орынбасары Бахыт Сейфолла орталықта тәрбиеленуші қыздардың айтқан сөздерінде шындыққа жанасын тұстары бар екенін айтты. "Жәбірлеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда бейімдеу орталығында барлығы 27 бала тәрбиеленуде. Олардың үлкені 13 жаста кішісі 3 жаста.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети