11 қаңтар 2017 16:04

ОҚО мен Алматыда мобильдік ХҚКО-лар қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ОҚО мен Алматыда мобильдік ХҚКО-лар қосылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОҚО мен Алматыда мобильдік ХҚКО-лар қосылды - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевтың тапсырмасымен Оңтүстік Қазақстан облысы тұрғындарының қолайлылықтары үшін мобильдік ХҚКО-лар Сарыағаш, Түркістан және Бәйдібек аудандарына шықты.

"Бұл жергілікті атқарушы органдардың тұрғын үй жәрдемақыларын және 18 жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақылар тағайындауына байланысты. Енді бұл елді мекендердің тұрғындарына электрондық анықтамаларды алу үшін ХҚКО-ға келу міндетті емес. Жәрдемақыларды ресімдейтін азаматтардың Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келіп жүрмеулері үшін мобильдік ХҚКО мамандары Түркістан және Бәйдібек аудандары әкімшіліктерінің ғимараттарында, сондай-ақ Сарыағаш қаласының 20/20 әскери бөлімшесінде таңғы сағат 9-дан бастап кешкі 8-ге дейін қызмет көрсететін болады. Мобильдік ХҚКО-лар халық көп шоғырланған аймақтарға азаматтарға ақпараттық анықтамаларды алу жолын жеңілдету үшін жіберілді", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, мобильдік ХҚКО ақпараттық анықтамаларды беру үшін Алматыдағы тұрғылықты жеріне уақытша тіркелуге келген азаматтар саны көп деген халыққа қызмет көрсету орталықтары маңына да орналастырылды. Айта кетейік, мобильдік ХҚКО мамандары ақпараттық анықтамаларды Алатау және Түрксіб аудандарының фронт-офистерінің келушілеріне беріп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети