Оқушылар сарайының өкілдері Мұрат Мұтырғановтың шағымына жауап берді

14 Қараша 2018, 17:06
0
Оқушылар сарайының өкілдері Мұрат Мұтырғановтың шағымына жауап берді - © facebook.com/murat.muturganov, 2gis.kz
© facebook.com/murat.muturganov, 2gis.kz

Белгілі цирк әртісі Мұрат Мұтырғанов әкесімен болған жағдайды айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ол Facebook желісіндегі парақшасында Астанадағы Оқушылар сарайы өкілдерінің әкесі Кәрім Мұтырғановқа "қулық жасағанын" мәлімдеді.

"EXPO көрмесі болған кезде әкем сонда өнер көрсетуге барды. Оны Оқушылар сарайының директоры жұмыс істеуге шақырды. Алматыда барлығын тастап, Астанаға көшіп кетті. 3-4 ай бұрын сарайдың басшылығы ауысып, цирк үйірмесі қажет еместігі жайлы айтыла бастады. Содан оның жалақысы 20 мың теңге деп белгіленді. Кейіннен әкем ол жақтан кетуді шешті. Осылайша әкеме мәжбүрлі түрде жұмыстан шығуға тура келді", - дейді Мұрат Мұтырғанов.

Оқушылар сарайының өкілдері әртістің бұл шағымына жауап берді.

Мекеме директорының орынбасары Раушан Ахметова Кәрім Мұтырғановтың үйірмесіне келіп жүрген балалардың саны жеткіліксіз болғанын айтады.


Кәрім Мұтырғанов. © instagram.com/karim1953/

"Үйірмені ешкім жапқан жоқ. Онда балалардың белгілі бір саны келіп жүруі керек. Ал ол үйірмеге небәрі 3 бала келіп жүрді. Бізде бюджеттік және ақылы топтар бар. Бюджеттік топта 10-15 бала болуы тиіс. Ал Кәрім Мұратұлында 8 сағат болды. Сондықтан ол үйірмеге кем дегенде 20 бала келуі тиіс болатын. Топты ешкім жапқан жоқ, себебі онда топ құралатындай жеткілікті бала болған жоқ. Оның жалақысын ақталмайтын", - деді Раушан Ахметова.

Ахметова қосымша білім беретін педагогтердің жалақысы педагогика саласындағы еңбек өтілі, категориясы және жоғары біліміне қарай берілетінін айтып өтті.

"Кәрім Мұратұлының педагогикалық еңбек өтілі мен категориясы болмады. Сондықтан оның жалақысы да төмен болды. Бұл ең басты себеп. Бізде тарифтік төлемдер бар, яғни бұл қосымша білім берудің жүйесі. Біз ештеңені ойдан шығармаймыз", - деді Ахметова.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай