21 қараша 2014 14:12

Оқушыларының нашар көрсеткіші үшін мектептің лицензиясы алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Төртінші, тоығызыншы және он бірінші сынып оқушыларының тапсырған тест көрсеткіштерінің төмендігіне байланысты Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы "Заурал орта мектебі" лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.


Төртінші, тоығызыншы және он бірінші сынып оқушыларының тапсырған тест көрсеткіштерінің төмендігіне байланысты Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданындағы "Заурал орта мектебі" лицензиясынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық сотқа сілтеме жасап.

Сот қаулысы ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 311-7-бабының 7-тармағы - "Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасын бұзу" бойынша шықты. Ақмола облысының білім беру саласын бақылау жөніндегі департамент бұған дейін анықталған заңбұзушылықтардың жойылуын бақылау мақсатында жасаған қайта тексеруден кейін бұл іс сотқа жіберілді. "Тексерістен білім берудің негізгі мазмұнына кіретін пәндер бойынша тест қорытындыларының төмен болғаны анықталды. 4 сынып оқушылары "орыс тілі" және "математика" пәндерінен, тоғызыншы сынып оқушылары "орыс әдебиеті", "алгебра", "география" пәндерінен және 11 сынып оқушылары - "қазақ тілі", "Қазақстан тарихы", "физика" және "биология" пәндерінен негізгі білімдері жоқ екенін анықталды, ал бұл жалпы білім берудің мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкес емес", - деп хабарлады сот өкілдері.  

Бұл мектептің бір жыл ішінде әкімшілік жазаға екі рет тартылып отырғаны анықталды. Мектеп лицензиядан айырылып, оған 100 айлық мөлшері көлемінде, яғни 185200 теңге айыппұл салынды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети