28 қараша 2022 15:02

"Бір-бірінен көшірген": Сәтбаевтағы мектепте шыққан жанжалдың жай-жапсары белгілі болды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сейфура Төлекова Желіде тараған видеодағы Сәтбаев қаласындағы №25 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі мен оқу ісінің меңгерушісі арасындағы жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлытау облысының білім басқармасының басшысы Сейфура Төлекова Желіде тараған видеодағы Сәтбаев қаласындағы №25 орта мектептің математика пәнінің мұғалімі мен оқу ісінің меңгерушісі арасындағы жанжалдың жай-жапсарын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың арасындағы кикілжің 10-сынып оқушысының, яғни оқу ісі меңгерушісі туысының бағасына байланысты туындаған. Оқушы бірінші тоқсанда математикадан 4 алып, басқа сабақтардан 5 алған. Сондықтан ата-анасы мектеп директорына хабарласып, математикадан қойылған бағаны қайта қарауды өтінген. Директор мектеп мұғалімдерімен, оның ішінде математика пәнінің мұғалімімен әңгімелесіп, қызға қосымша тапсырмалар берілген. Бірақ оқушы тапсырмаларды орындау барысында сыныптағы тағы екі баламен бірдей қателер жіберген. Мұғалім оларға бір-бірінен көшіріп алғанын айтқан. Оқушы қыз айтылған сынды өзіне қабылдап, апайына айтқан", - деді Сейфура Төлекова.

Оқушылардың бірі түсірген видео Желіде тарағаннан кейін мектепте педагогикалық кеңес отырысы өтті. Білім басқармасының орынбасары да білім ошағын аралады.

"Кеңесте біз жанжалдың барлық мән-жайын анықтадық, жалпы шешіммен оқу ісінің меңгерушісіне қатаң сөгіс жарияланды, ол орынбасарлық қызметінен босатылды. Еңбек заңнамасы бойынша оны жұмыстан босатуға құқығымыз жоқ", - деп қосты Сейфура Төлекова.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети