28 қаңтар 2019 15:59

Олимпиада чемпионы алматылық студенттермен кездесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Ермахан Ибраимов Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласындағы жастар көшбасшыларының кеңесіне қатысты. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Ермахан Ибраимов Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінде Алматы қаласындағы жастар көшбасшыларының кеңесіне қатысты. Бұл туралы оқу орнының Баспасөз және қоғаммен байланыс бөлімі мәлімдеді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

JasStar moments деп ат қойып, айдар таққан жиынның ұйымдастырылуына тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі департаменті мұрындық болды. Жастар жылы қарсаңында қолға алынған басқосуға журналистика, спорт, бизнес және тағы да басқа салаларда табысқа жеткен тұлғалар белгілі тақырып аясында сөз сөйлеп, өз тәжірибелерімен бөлісті.

"Жобаның мақсаты - оңтүстік астанадағы жастар көшбасшыларымен бірлесе отырып Жастар жылында атқарылар жұмыстарды жүйелеу, нақты жоспар дайындау. Жұртшылыққа танымал, белгілі бір салада жетістікке жеткен тұлғалармен кездесу өткізіп, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімдерін арттыруға ықпал ету. Сондай-ақ, қала жастары арасында өзара тығыз байланыс орнатуды да көздеп отырмыз", - дейді ұйымдастырушылар.

Шара барысында "Студент - спорт" тақырыбында Сидней Олимпиадасының чемпионы, Қазақстанға еңбегі сіңген спорт шебері Ермахан Ибраимов пен Паралимпиада ойындарының жеңімпазы, "100 жаңа есім" жобасының жеңімпазы Серік Есматов, "Студент - әлеумет" тақырыбында "Жастар үні" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов, "Студент - мәдениет" тақырыбында тележүргізуші Гүлназ Ауданбаева, "Студент - бизнес" тақырыбында жас кәсіпкер Әсет Жұмақұлов және "Студент - білім" тақырыбында "Болашақ" қауымдастығының Алматы қаласындағы филиалының төрайымы Қымбат Әбдікерімова мен Асхат Абжанов сөз сөйледі.

Тағылымы мол, мотивациясы зор жиынға сонымен қатар, Алматы қаласындағы 21 жоғары оқу орнынан 70 делегат, "Қазақстан Студенттер Альянсы" және "Жарасым" жастар ұйымының мүшелері қатысты.

Делегаттар Қыздар университетінің бастамасымен ұйымдастырылып отырған осы тақілеттес басқосулардың жастардың таным деңгейі мен сана-сезімін һәм ой-өрісін арттыруға тигізетін септігі зор екендігін айтады. Олар алдағы уақытта университеттің белсенді студенттерінің бастамасымен ұйымдастырылған осындай форматтағы жиындарды өз оқу орнында да өткізуге ниет білдірді.

Әнмен әспеттелген форум аясында Қыздар университетінің жастар ұйымдарының төрайымдары және белсенділері ант қабылдады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети