09 маусым 2016 12:37

Олжас Сүлейменов Ақтөбедегі теракт жайында: Бұл кенеттен болған оқиға емес

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Voxpopuli.kz © Voxpopuli.kz

Қазақстандық белгілі жазушы Олжас Сүлейменов Ақтөбедегі терактіні трагедия деп атады. Ол 5 маусымда Ақтөбеде болған оқиға жайлы пікірін  "Шипажай-2016" форумының үзілісінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстандық белгілі жазушы Олжас Сүлейменов Ақтөбедегі терактіні трагедия деп атады. Ол 5 маусымда Ақтөбеде болған оқиға жайлы пікірін  "Шипажай-2016" форумының үзілісінде айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сүлейменовтің айтуынша, бұл трагедия ашындырып қана қоймай, сонымен қатар алаңдатады. "Бұл кенеттен болған оқиға емес. Бұл әйтеуір бір жолдармен дайындалған, сондықтан осы бір ғана актпен біте салмауы мүмкін. Түсінемін, билік 25 жыл бойы жоламай келген жағдайға шын мәнінде алаңдап, қам жеуі керек. ТМД-ның барлық елінде мұндай жағдай түрлі ерекшеліктерімен болды. Ресей Федерациясында да жағдайды тұрақсыз ету әрекеттері болды, барлық елде болды, Қазақстаннан басқа. Меніңше, қазір билік қана емес, бүкіл қоғам осы оқиғаға назар аударып, мән беруі керек, бізде соңғы жылдары туған көңіл-күйдің бастапқы белгілері деп білуі керек", - деді ол.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети