11 қаңтар 2019 13:15

Олжас Сүлейменов Малика Мұхитова жайлы: Мейірім таныту керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz фотоколлажы © Tengrinews.kz фотоколлажы

Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының алқа билер соты жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты апелляциялық арыз бойынша тыңдалымды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Астана қалалық қылмыстық істер жөніндегі сотының алқа билер соты жол-көлік оқиғасынан қайтыс болған Ескендір Сүлейменовтің өліміне қатысты апелляциялық арыз бойынша тыңдалымды жалғастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайтыс болған жігіттің атасы Олжас Сүлейменов тағы бір мәрте соттан Малика Мұхитованы бас бостандығынан айырмауды сұрады. Осыған дейін Ескендір Сүлейменовтің ата-анасы бірінші инстанциядағы сот шешімін (екі жылға бас бостандығынан айыру) өзгертпеу туралы өтініш білдірген еді. 

 Олжас Сүлейменовтің атынан жазылған хат сотта оқылды. 

"Сүлейменовамен, менің жарыммен, денсаулық жағдайымызға байланысты зардап шеккен тарап ретінде ресми түрде қатыса алмаймыз. Алайда біз жалғыз немеремізден айырылдық. Осылай бүкіл қазақстандықтар ойлайды. Қиын жағдайда адамдар дінге жүгінеді. Құран мен Інжіл өзіңнен мейірімділікті іздеуге шақырады. Қателіктерді кешіруге шақырады. Осы қағидаларға сүйене отырып, мен, отбасының басы ретінде, Астана қалалық сотына Мұхитованы жазалауды, бірақ бас бостандығынан айырмауды сұраймын", - деп оқыды Олжас Сүлейменовтің хатын судья Әсем Рамазанова. 

"Мен жарым қолдады. Менің қызым Лейла мен басқа да туыстарым уақыт өте келе түсінеді. Қиын жағдайда мейірім таныту адам бойындағы адамгершілікті сақтап қалу үшін көмектеседі. Лейла екі қызын тәрбиелеп, рухани жағдайын қайта қалпына келтіруі керек", - делінген хабарламада. 

Аппеляциялық сот 14 қаңтарда осы іске қатысты шешім шығарады. 

Еске сала кетейік, Олжас Сүлейменовтің немересі Ескендір қаза тапқан жол апаты Астанада 2018 жылдың 22 маусымында Мәңгілік ел мен Керей, Жәнібек хандар даңғылдарының қиылысында болған еді. Кейін полиция тергеу жұмыстары жайлы айтып берген болатын.

Сот алдына 29 жастағы Малика Мұхитова келді. Сотталушы Мұхитованың "Самрұк-Қазына" АҚ-та жұмыс істейтіні болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети