22 қаңтар 2019 10:53

Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Челахқа қатысты үкімді өзгерту сұралды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz фотоколлажы Tengrinews.kz фотоколлажы

Жоғарғы сот кассациялық инстанциясы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жоғарғы сот кассациялық инстанциясы өмір бойына сотталған Владислав Челахтың арызын қарастырып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Челахтың адвокаты істі неліктен қайта қарап шығу керек екенін түсіндірді. Оған себеп 2017 жылы қарашада сотталған қазақстандықтың арызын БҰҰ қарап шығып, шешім шығарғаны. 

"2017 жылы 7 қарашада БҰҰ шешімімен Қазақстан Республикасында Челахқа қатысты азаматтық және саяси құқық туралы 14-ші халықаралық пакт бұзылғаны жарияланған. Өз шешімінде БҰҰ елдің Бас прокуратурасын Челахқа құқықтық қорғау үшін әсерлі мүмкіндік беруді ескертті. Осы орайда мемлекет Челахқа құқығы бұзылғаны үшін өтемақы төлеуі тиіс", - дейді Гүлмира Шалдықова. 

Прокурор Челахтың кассациялық арызын қанағаттандырусыз қалдыру қажеттілігін айтты. 

Процесс ашық тәртіпте өтіп жатыр. Осыған дейін бұрынғы әскери борышын өтеуші кассациялық инстанцияда ісін қарап шығу туралы арыз білдірген еді. Кассациялық коллегия шешім шығару үшін ақылдасу бөлмесіне шығып кетті. 

Айта кетейік, заңға сәйкес Жоғарғы сот Челахтың арызын жоғарғы кассациялық сот инстанциясында қарауға міндетті.

Еске салайық, 18 қаңтарда Қазақстанның Жоғарғы соты Владислав Челахтың ісін қайта қарайтыны хабарланды. Владислав Челах БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі комитеті шығарған үкім заңды күшіне енген соң Жоғарғы сотқа өтініш түсірді.

Еске салайық, сот шекарашыны өмір бойына бас бостандығынан айырған болатын. Челах 2012 жылдың мамыр айында "Арқанкерген" шекара бекетінде 14 қызметтесі мен бір орманшыны өлтірді деп айыпталды. Апелляциялық және кассациялық сот алқасы оның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сотталушы Қостанай облысында жазасын өтеп жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети