19 қыркүйек 2016 13:20

Өмірде солай - күресу керек - Назарбаев спорттағы әділетсіздіктер туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі © Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда "Халық Арена" спорт кешенін ашу салтанаты кезінде спортшылар қауымымен және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты спорттың әр түріне баулу керектігін айтты. 


Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыда "Халық Арена" спорт кешенін ашу салтанаты кезінде спортшылар қауымымен және Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мемлекет басшысы өскелең ұрпақты спорттың әр түріне баулу керектігін айтты. 

"Жүзуден - бізде бірінші жұлдызымыз бар. Менің ойымша, оның артынан ерушілер көп болады. Балалардың әр түрлі спортпен айналысқанын қалаймын. Бізде жеңіл атлетикадан Ольга Рыпакова бар, бұрын Ольга Шишигина болды, ал қазіргі кезде артынан ерушілер көрінбейді. Ата-аналар балаларын мектептерге беруі тиіс, біздің елде барлық жағдай жасалған. Еліміздің барлық өңірлерінде спорт орталықтары, балалар мен жасөспірімдерге арналған орталықтар мен алаңдар құрылған. Бассейндер салып жатырмыз, Астанада неше түрлі орталықтар салынды. Алматыда ашылған ("Халық Арена" және "Алматы Арена" - Авт.) мыңдаған балаларды қызықтырып, спортпен айналысып, салауатты өмір салтын қалыптастырады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев олимпиада чемпиондары Дмитрий Баландин, Олимпиада-2000 ойындарының күміс жүлдегері Ислам Байрамуков және қысқы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенмен сөйлесу барысында.


© Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Біздің қыздар өткен Ойындарда жақсы өнер көрсетті, медаль алудан рекордты жаңартты. Соның өзінде де алға қарай жылжу керек. Қазақстан өзін спорттық держава ретінде көрсетті. Онда әділетсіздіктер болды, алайда не істей аласың, ондай өмірде де бар", - деді Президент. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы допинг дауы туралы да сөз қозғады. "Біреулерді допинг үшін спорттан шеттетеді, біреулерге рұқсат етілген. Қазір барып тұрған әділетсіздік болып жатыр. Өмірде солай - күресу қажет. Сәттілік тілеймін", - деп қорытындылады Президент.

Еске салайық, Алматыда екі үлкен спорт нысандары ашылды - Алатау ауданында "Алматы Арена" және Медеу ауданында "Халық Арена". "Халық Арена" мұз айдыны 3000 орынға арналған. "Алматы Арена" өзіне 15 мың көрерменді сыйдыра алады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети