18 шілде 2018 16:08

"Өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатырмыз" - Дәрігерлер Шығыс айналма жолында көлік қағып кеткен бала жайлы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері Шығыс айналма автожолында көлік қағып кеткен баланың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының дәрігерлері Шығыс айналма автожолында көлік қағып кеткен баланың жағдайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Балалар жедел медициналық жәрдем орталығының бас дәрігерінің орынбасары Дінмұхамед Рузуддиновтің айтуынша, жедел жәрдем қызметін әйел адам шақырған. Ол баланы Әл-Фараби даңғылында Шығыс айналма автожолы аумағында тапқан. Бала ауруханаға түскенде аса ауыр жағдайда болған. Ол онда шамамен сағат 12.00-де түскен.

"Ота жасау барысында көп фрагменттік, көп шығыршықты сынық көрінді. Бас миы шайқалған, сондай-ақ, бассүйек миында эпидуралды гематома болды. Бассүйегін тесіп ота жасадық. Қазіргі уақытта жағдайы ауыр деп бағаланып отыр, тұрақты ауыр. Бала жасанды дем алдыру аппаратымен жатыр", - дейді дәрігер Рузуддинов.

"Қазір баланың өмірін сақтап қалу үшін күресіп жатырмыз. Болашақта неврологиялық дефицит бола ма, жоқ па - кейін көреміз. Басының ісігі әлі қайтқан жоқ. Бассүйек миының қашан жұмыс істейтіні белгісіз. Бала комада жатыр", - дейді Рузуддинов.  

Мұның алдында полицейлер баланы қағып кеткен жүргізушінің әлі табылмағанын хабарлаған еді.

Еске салайық, осыған дейін Шығыс айналма автожолында баланы көлік қағып кеткені туралы хабарланған еді. Әлеуметтік желіде тараған мәліметке сәйкес, "баланы көрпеге орап, Брянская көшесіндегі ағаштың түбінде тастап кеткен". Алайда жол апаты болған жер бала табылған жерден алысырақ болған.  

Дәрігерлердің айтуынша, бала үшінші деңгейлі кома және төртінші деңгейлі травматикалық шок алған жағдайында балаларға шұғыл жәрдем көрсету орталығына түскен. Оған жедел ота жасалған. 

Ал кейінірек оқиғаның видеосы жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети