04 шілде 2016 17:38

"Оңай" бір реттік билеттерін енгізгеннен бері табыс 40 пайызға артты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Айнаш Өндіріс © Айнаш Өндіріс

Тасымалдаушы компаниялар өз маршруттарында "Оңай" бір реттік билеттерін енгізгеннен кейін табысы 40 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңай" электронды билеттендіру жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Тасымалдаушы компаниялар өз маршруттарында "Оңай" бір реттік билеттерін енгізгеннен кейін табысы 40 пайызға артты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Оңай" электронды билеттендіру жүйесінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2016 жылдың 21 маусымынан 26 маусымына дейінгі кезеңде билет енгізілгенге дейінгі дәл осындай кезеңмен салыстырғанда (2016 жылдың 14 маусымынан 19 маусымына дейін) "Тегіс Транс" ЖШС-нде жол ақысы төлемінің сомасы 61,77 пайызға өссе, "Автобаза ДосТранс" ЖШС-нде - 44,23 пайызға өсті, ал "№1 Коммуналды автобус паркінде" - 20,55 пайызға өсті.

Егер 14 - 19 маусым аралығында "ОҢАЙ" электронды билеттендіру жүйесі арқылы жасалған жол ақысының төлемі "Тегіс Транс" ЖШС-нде 4 105 080 теңгені құраса, "ОҢАЙ" билеттерін енгізгеннен кейін 21-26 маусым аралығында аталған тасымалдаушы компанияның қоғамдық көліктеріндегі жол ақысының төлемі 6 640 880 теңгені құрады. "Автобаза ДосТранс" ЖШС-нде билет енгізілгенге дейін 2 234 400 теңге болса, билет енгізілгеннен кейін дәл осындай кезең аралығында 3 222 680 теңгені құрады. "№1 Коммуналды автобус паркінде" де билет енгізілгенге дейін 11 723 740 теңге болса, енгізілгеннен кейін 14 133 280 теңгені құрады.

"ОҢАЙ" билеттерінде маршрут номері, көліктің мемлекеттік номері, жол жүру уақыты мен мерзімі және "ОҢАЙ" логотипі көрсетілгенін атап өту қажет. Басқа түрдегі билеттер жарамсыз болып табылады. Жол ақысын төлеудің осы әдісін таңдаған жолаушылар міндетті түрде бекітілген нұсқадағы билетті жүргізушіден талап етуі тиіс", - делінген хабарламада.

"2016 жылдың 20 маусымынан бастап қала маршруттарының қоғамдық көліктерінде бір реттік жол жүруге арналған "ОҢАЙ" билеттері енгізілгенін ескертеміз. Осы кезеңнен бастап тасымалдаушы компанияларда "ОҢАЙ" көлік карталарын және электронды билеттерін тіркеуші терминалдарға қосымша арнайы "ОҢАЙ" бір реттік билеттерін басып шығаратын көлік терминалдары орнатыла бастады, - дейді баспасөз қызметіндегілер. - Қазіргі таңда "ОҢАЙ" билетін басып шығаратын терминалдармен үш тасымалдаушы компания көліктері толығымен жабдықталды, сонымен қатар, "№1 Коммуналды автобус паркі" қызмет көрсететін екі маршрут жабдықталды. Осындай терминалдармен біртіндеп барлық қала маршруттарының көліктері жабдықталатын болады".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети