08 мамыр 2014 11:26

Оңтүстік Қазақстан облысында жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото vesti.kz сайтынан Фото vesti.kz сайтынан

Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жүк пойызы аударылып төтенше жағдайдың орын алуына қатысты тоқтатылған жолаушылар пойызының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып. 


Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданында жүк пойызы аударылып төтенше жағдайдың орын алуына қатысты тоқтатылған жолаушылар пойызының қозғалысы толығымен қалпына келтірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz  Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасай отырып. 

Аталмыш министрлік өз хабарламасында "7 мамыр күні сағат 18.00-де барлық жолаушылар пойызының қозғалысы қалпына келтірілді. Қазір күкірт төгілген аумақтарға құм себу, аударылған вагондарды босату жұмыстары жалғасуда" дейді. 

Төтенше жағдай қалыптасқан аумақта жеке құрамда 10 адам және 2 өрт сөндіру техникасы, мемлекеттік жедел қорғау (ЖҚО мемлекеттік басқармасы)  отрядынан 4 адам және 1 техника,  Төтенше жағдайлар министрлігі мемлекеттік медициналық апат орталығынан (МАО мемлекеттік басқармасы)  4 адам, 1 техника, сондай-ақ 60 адам және 2 қалпына келтіруші пойыз, 15 адам және бір өрт сөндіруші пойыз, "ҚТЖ" АҚ компаниясының 100 адамы, 7 техникасы жұмыс істеуде. 

Еске салайық, бұдан бұрын хабарланғандай 5 мамыр күні 16 сағат  56 минутта Шымкент теміржол бөлімшесінің Бадам-Қарасу аралығындағы шойын жолда 29 вагон жолдан шығып, аударылып, апатқа ұшырады.

Осыған байланысты "ҚТЖ" компаниясы мен Оңтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті тиісті шараларды қолға алды. Пойыздың жолдан шығып кету себептерін анықтау мақсатында "Қазақстан темір жолы" АҚ" ұлттық компаниясы арнайы комиссия құрды.

Төтенше жағдайға байланысты 19 жолаушылар пойызы қозғалысын шектеген болатын. Төтенше жағдайлар миинстрлігінің мәліметінше, шойын жолдан шығып кеткен пойызда 8 вагон күкірт, 17 вагон құрылыс материалдары, екі контейнер және бір вагон астық тиелген.  Апат салдарынан шойын жолдың 150 метрі істен шыққан. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети