Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Оңтүстік Қазақстанда асыранды сәбилерге жалған диагноз қойылған

28 Ақпан 2014, 16:32
0
©РИА Новости
©РИА Новости
Оңтүстік Қазақстан облысында дәрігерлер балаларға ауыр диагноздар қойып бергендіктен шетелдіктердің елімізден бала асырап алуы кезінде заңсыздықтар жіберілген деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық прокуратураға сілтеме жасап.

Прокуратураның мәліметінше, 183 баланың 62-сіне дәрігерлер сал, жүрек ауруы сияқты аса ауыр аурулардың диагнозын қойып берген. Бұл диагноздар сот шешімдерінде көрсетілген. "Мысалы, АҚШ азаматтары бір қыз баланы асырап алған. Анықтамада оның церебрал паралич, аралас гидроцефалия, қаназдық, дистрофия, рахит және басқа да аурулармен ауыратыны көрсетілген. Бірақ асырап алғаннан кейін бес айдан соңғы есепте қыздың денсаулығы жақсы екені жазылыпты. Ол балалар халықаралық жолмен асырап алу жөніндегі клиникада тексерілген және өз жасына сай жетіліп келе жатқан сау бала деп танылған", - деді брифингте Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары Роман Беріков.

Бұл деректер бойынша облыс әкіміне заңсыздықтарды жою және келешекте болдырмау жөнінде нұсқау берілді. Кінәлі тұлғалар жазаланды. Бұған қоса, оңтүстікқазақстандық прокурорлар ата-анасы бас тартқаннан кейін екі жыл ішінде жоғалып кеткен 41 сәбиді іздестіріп жатыр. Прокурорлар ата-анасы қабылдамаған 166 баланың қамқоршылық және қорғаншылық органдарының есебіне алынбағанын анықтады. "Айталық, сәбилердің арнайы мекемеден емес, нотариус арқылы асырап алынғаны сияқты деректер бар. Бұл заңды айналып өту болып есептеледі, бірақ ата-аналар балаларға сот шешімдерін рәсімдеп қойғандықтан, оларға процессуалдық шешім ұсыну мүмкін емес", - дейді прокуратура басқармасы бастығының тағы бір орынбасары Болат Жұматаев.

Прокурорлардың айтуынша, баласынан бас тартқан аналардың арасында Ресей мен Өзбекстан тұрғындары да бар. Нотариус мәліметіне қарағанда, олар Қазақстанға келіп босанған-мыс. Бірақ бұл мәліметтер де жалған болуы мүмкін, қадағалаушы орган өкілдерінің айтуынша, олардың осылайша із жасыруы ғажап емес. Енді бұл аналардың нағыз тұрғылықты мекенжайлары анықталатын болады.



Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай