24 ақпан 2014 10:56

Оңтүстік Қазақстанда үш адам пеш иісінен қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Оңтүстік Қазақстан облысында ыстан уланған үш адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап. Құрбан болғандардың біреуі бала. "Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында жеке тұрғын үйде 23.02.2014 күні 12 сағат 20 минутта қатты отын жағылатын пештегі ақаудың салдарынан үш адам иіске тұншығып қалып, оқиға орнында қайтыс болды", - делінген министрліктің хабарламасында. Қайтыс болғандар - 1985 жылы туған ер адам мен 1989 жылғы әйел адам және 2012 жылы туған сәби. Еске салайық, бұған дейін 21 ақпанда Ақмола облысындағы Атбасар қаласында қатты отынмен жылытылатын төртқабатты көппәтерлі үйде осындай қайғылы оқиға болған еді. Екі ересек адам мен 12 жастағы егіз сәбилердің бірі қайтыс болып, бірі ауруханаға түсті. Ал мұның алдында Ақтөбе облысында жеке үй ауласындағы моншада үш адам ыстан уланып қалып, оның біреуі сол жерде жан тапсырды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети