12 наурыз 2014 16:54

Оңтүстік Наурызды 9 күн тойламақ

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Нұрғиса Елеубеков ©Нұрғиса Елеубеков

Биыл Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі А.Мырзахметовтың бастамасымен Наурыз мерекесі 9 күн тойланады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Оңтүстік Қазақстан облысының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл облыс былтыр да 14-22 наурыз аралығында Наурыз мейрамын тоғыз күн ерекше жағдайда атап өткен болатын. Әр күнге атау беріліп, түрлі тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастырылған-ды. ҚР Парламенті Сенатының депутаттары Оңтүстік Қазақстан облысының бұл бастамасын бүкіл ел аумағына үлгі ету керектігін айтып, Үкіметке депутаттық сауал жолдады. Сондықтан, биыл да Наурыз мейрамы облыс көлемінде жалпыхалықтық сипатта тойланып, өткен жылы қолға алынған іс-шаралар жалғасатын болады. Биыл Оңтүстік 14 наурызда "Тағзым", 15 наурызда "Алас", 16 наурызда "Береке", 17 наурызда "Көктем шуағы", 18 наурызда "Өніс", 19 наурызда "Жайнау " 20 наурызда "Шаттық", 21 наурызда "Үйлесім", 22 наурызда "Ұлыс күнін" атап өтеді. Мерекелердің төресі саналатын Ұлыстың ұлы күніне ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, мерекенің ұлттық сипатта аталып өтуіне басымдық беріледі. Наурыз мерекесі осылайша тоғыз күн бойы жалпыхалықтық сипатта кеңінен тойланады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети