01 шілде 2019 13:51

Оңтүстікте ыстық, солтүстікте жаңбыр. Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылғы 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылғы 2-4 шілдеге арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Мамандардың болжамына қарағанда, оңтүстікте ыстық басылды.

"40 градустық ыстықтың басылуы және найзағаймен өткінші жаңбыр Қазақстанның оңтүстік өңірінде күтіледі. Бұл Оңтүстік Орал мен республиканың батыс аймақтарынан ығысатын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты болады. Ал солтүстік облыстарына фронттармен бірге жоғарыдағы циклон ығысып, Қазақстанның көптеген облыстарында жаңбыр, солтүстік және орталық облыстарында кей жерлерде қатты жаңбыр, желдің дауылды күшеюін, бұршақ және ауа температурасының орташа көпжылдық мәннен төмендеуіне алып келеді", - деп хабарлады мамандар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети