Оралда қар жауып тұрғанына қарамастан жол жөндеу жұмыстары жүргізілген

28 Қараша 2018, 20:27
0
Оралда қар жауып тұрғанына қарамастан жол жөндеу жұмыстары жүргізілген - © Тengrinews.kz
© Тengrinews.kz

Орал қаласының тұрғындары қар жауып тұрғанына қарамастан сыртта жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандардың әрекетіне наразылық білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оралдағы Құрманғазы көшесінде "Асарстройсервис" ЖШС мердігер ұйымының қызметкерлері қардың қалың жауып жатқанына қарамастан тас төсеуіш пен бордюр тасын төсеген. Оралдықтардың айтуынша, бұл қаражатты текке шашу. 

"Мемлекеттік қаражатты қардың үсітне төсеп жатыр. Неге бұлай істейді? Атқарушы органдар жол жөндеу жұмыстарын бақылауы керек", - деп наразылық білдірді жергілікті тұрғын Инесса Тоболева.

Мердігер ұйымның мәліметінше, "Карашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" компаниясы жобаға тапсырыс берген.

Орал қаласы Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімінің тұрғын үй инспекциясы құрылыс жасап жатқандардың үстіне жазбаша арыз түсірген. "Мердігер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ережеге сай емес жасалған жұмыстар қайта жасалады", - деді Орал әкімдігінің баспасөз қызметінің өкілдері. 

© Tengrinews.kz

Айта кетейік, "Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В" жыл сайын БҚО-ның инфрақұрылымы дамуына қаражат бөледі. 2019 жылы қаражат мөлшері 20-дан 30 миллион долларға өседі. Бұл қаражат жол жөндеу жұмыстарына, көпір салуға және басқа да әлеуметтік нысандарға жұмсалады. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай