27 мамыр 2019 11:13

Оразалин компания басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин облыс орталығындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 


Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин облыс орталығындағы жолдардың жөндеу жұмыстарын тексерді, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Өңір басшысы кезекті  жұмыс сапары барысында  жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті.

Қазіргі  уақытта  Ақтөбе қаласында  автожолдарды  күрделі  жөндеуге  байланысты  ауқымды  жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Өрлеу  елдімекенінде 5,7 шақырым, Ақжар елдімекенінде 2,6 шақырым  жолдар асфальтталып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да  қоса салынып жатыр. 

Сонымен қатар, Бекқұл баба  ауылының орталығындағы 1,2 шақырым көше мен Ясный елдімекенінің жолдарына  жақын арада жөндеу жұмыстары басталады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети