"Қазақстан инжиниринг" ҰК" АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен ұлттық компанияның Басқарма Төрағасы болып Орман Кәрімұлы Нұрбаев тағайындалды, - деп хабарлайды primeminister.kz.
Нұрбаев Красноярск ӘШҚҚ радиоэлектроника жоғарғы командалық училищесін инженер мамандығы бойынша және ҚР Президенті жанындағы Ұлттық мемлекеттік басқару жоғарғы мектебін халықаралық қатынастар саласында тәмамдаған.

Әртүрлі жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінде, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде, ҚР Сыртқы істер министрлігі жүйесінде, сонымен қатар бірқатар қазақстандық шетел мекемелерінде қызмет еткен.
Осы тағайындауға дейін ҚР-ның Түркіменстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін атқарған.