21 тамыз 2019 17:31

"Орны толмас қасірет". ШҚО әкімі қайтыс болған баланың отбасына көңіл айтты

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құдыққа түсіп қайтыс болған бір жарым жастағы Әлихан Талғатовтың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов құдыққа түсіп қайтыс болған бір жарым жастағы Әлихан Талғатовтың жақындарына көңіл айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы облыс әкімі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлаған. 

Құрметті достар, кішкентай Әлихан Талғатовтың ата-анасы мен жақындарына отбасы тағдырына түскен ауыр қайғыларына ортақтаса, көңіл айтамын.

"Төрт күн бойы аудан әкімі, барша алтайлықтар, Средигорный ауылының тұрғындары, сондай-ақ, еріктілер мен қиын жағдайда шет қалмай, қол ұшын созған азаматтар бүлдіршінді іздеу жұмыстарына қатысты. Қапыда бауыр етін баладан айырылып қалу - орны толмас қасірет. Кішкентай Әлиханның жарқын бейнесі әрбіріміздің жүрегімізде мәңгі сақталады. Жаны жәннатта болсын! Аудандық әкімдік тарапынан жерлеу рәсімін ұйымдастыруға жан-жақты көмек көрсетіледі", - деп хабарлаған әкім.

Айта кетейік, бір жарым жасар Әлихан талғатов өз ауласынан 17 тамыз күні жоғалып кеткен. Іздеу шараларына құтқарушылар, кинологтар, полицейлер, еріктьілер мен жергілікті тұрғындар көмектескен. Құтқарушылар баланың ізін табу үшін өзен бойын құрғатпақшы болған. Кейіннен Әлиханның денесі өлі табылған

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети