Өрт кезінде шахтадан 63 адам қауіпсіз жерге шығарылды

14 Ақпан 2014, 10:25
0
©Нұрғиса Елеубеков
©Нұрғиса Елеубеков
Ақмола облысында "Қазақалтын" тау-кен - металлургия концерніне қарасты "Западная" шахтасында өрт болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

"13 ақпан күні сағат 05.20-да Степногорск қаласының Бестөбе елді мекенінде "Қазақалтын" тау-кен - металлургия концерні" АҚ-на қарасты "Западная" шахтасында ағаш материалдар өртенді. Өрт 08.17-де ауыздықталған. Жалын шарпыған аудан - 0,5 шаршы метр", - делінген министрліктің хабарламасында.

Төтенше оқиға кезінде шахтадан 63 адам қауіпсіз жерге шығарылған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Өртті сөндіруге "Жолымбет әскерилендірілген таудан құтқару жасағы" кәсіпорны филиалының 8 маманы мен 3 техникасы қатысты.

Өткен жылдың соңында "Қазақалтын" корпорациясының Ақмола облысындағы кен орындарында төтенше оқиғалар жиі тіркелген еді. Қарашаның 21-і күні Шортанды ауданының Жолымбет елді мекеніндегі "Центральная" шахтасында жарылыс салдарынан бір жұмысшы қайтыс болды. Ал қазан айында осы шахтада екі жұмысшыны үйінді басып қалған еді.

Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай