23 желтоқсан 2016 12:34

Өрт сөндіру көлігі немесе кортеж: Шымкент полицейлері қайсысына жол беру керек екенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте арнайы белгілері бар көліктерге қалай жол беру керек екенін үйрететін әлеуметтік ролик түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Шымкентте арнайы белгілері бар көліктерге қалай жол беру керек екенін үйрететін әлеуметтік ролик түсірілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полицейлер қиылыста маңызды адамдар отырған кортеж бен өрт сөндіру машинасы кездессе, қалай жол беру керек екенін көрсетті. Бір минутқа созылатын видео Шымкент көшелерінің бірінде түсірілген. Кортеж бен өрт сөндіру машинасы қиылыста кездессе, инспектор ойланбастан кортежді тоқтатады. Шымкенттің жергілікті полиция қызметінің өкілдері заң алдында барлығының да тең екенін және мұндай жағдайларда полицейлер де, Шымкент тұрғындары да дұрыс шешім қабылдауы керектігін атап өтті.

"Соңғы екі айда арнайы белгілері бар көлікке жол бермеген 40 жүргізушіге айыппұл салынды. Айыппұл көлемі - 5 АЕК. Бірақ бұл бастысы емес. Бастысы, адам өрт сөндірушілерге, жедел жәрдемге, апат қызметтері машиналарына жол беру арқылы біреудің өмірін құтқара алатынын түсінуі керек, бір адамның ғана емес, көп адамды аман алып қалуы мүмкін", - деді Шымкенттің жергілікті полиция басшысы Данияр Мейірхан.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети